Untitled Document

Денсаулық... Кез келген адам арықтай алады (1)

Артық салмақ – аурудың бастауы                   

Кез келген артық салмақ организмде ауру тудырады. Адамда артық салмақ болса, жүрек қан тамырында мәселе бар, метоболизмі дұрыс емес, гормондық  ауытқулары бар деген сөз. Артық салмақ қалқанша безі, артрит, артроз секілді ауруларға алып келеді. 2,3 дәрежедегі артық салмағы бар адамдар белгілі бір бастапқы деңгейде созылмалы ауруларға ұшырайды.

Артық салмақты қалай анықтайды?

Дене массасының индексі – адамның салмағы мен бойының сәйкестік дәрежесін анықтауға көмектесетін формула. Ол салмақтың жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды.

Дене массасы индексін есептейік:

Мысалы, адам массасы = 80 келі, бойы = 160см. Бұл жағдайда дене массасының индексі:

ДМИ = 80:(1,60×1,60) = 31,25

Қорытынды: бірінші дәрежелі семіздік.

Дене массасы индексі:

16 және одан кем –  массаның дефициті.

16-18,5  –  дене массасының жеткіліксіздігі.

18,5 – 25 – қалыпты.

25 – 30 — Дене массасының артықтығы

30 – 35 – Бірінші дәрежелі семіздік.

35 – 40 – Екінші дәрежелі семіздік.

40 және одан көбірек – Үшінші дәрежелі семіздік