Untitled Document

Сұхбат ... Түнде оқылатын дұғалар

Төсекке жатқанда «әузу бисмилләмен» бастап бір рет Аят-әл курси, әрбірін бисмилләмен бастап үш рет Ихлас, бір рет Фатиха, бір рет «құл әузу...» сүрелері оқылады. Кейін үш рет «Әстағфируллаһәл’азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» дұғасын оқып, үшіншісінде «әл-хаййәл-қаййумә уә әтубу иләйһ» дұғасы қосылады. Кейін он рет «Тәуәккәлту алаллаһ уә лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ» дұғасы оқылады. Оныншысында «һил алийл азыйм әлләзи лә иләһә иллә һу» дұғасы қосылады. Кейін «Аллаһуммағфирли уәли уалидәййа уә лил-муминина уәл муминат» және бір салауат және бір рет «Аллаһуммә раббәнә әтина фиддуния хасанатан уә фил ахирати хасанатан уә қинә азабәннар би-рахматикә иа әрхамаррахимин» және 3, 10, 40 немесе 70 рет «Әстағфируллаһәл’азыйм» және бір кәлима тәуһид, яғни «Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадун Расулуллаһ» оқып ұйықтау керек.

Кімде-кім түнде «Ясин» сүресін оқитын болса, кешірілген болып оянады. 

Әр түні «Табаракә» және «Сәждә» және өлім ауруында болып «Ихлас» сүресін оқығандарға қабір сұрағы болмайды.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Түнде Бақара сүресінің соңғы екі аятын (әмәнәррасулу) оқыған адамға бұл екі аят жеткілікті болады».

Әр күні және әр түні жүз рет «Субханаллаһи уә бихамдиһи субханаллаһил азыйм» калимасын оқыған адамның күнәлары кешіріледі, дерттерінен құтылады.

Күнде таңертеңгісін бір рет «Аллаһуммә мә асбаха би мин ни’мәтин әу би-әхадин мин халкикә, фә минкә уахдакә, лә шәрикә ләкә, фә ләкәл хамду уә ләкәшшукр» деп айту керек және күнде кешке «мә асбаха» сөзінің орнына «мә әмса» деп өзгертіп оқу керек. Өйткені пайғамбарымыз «Бұл дұғаны күндіз оқыған адам ол күннің шүкірін жасаған болады. Түнде оқығанда ол түннің шүкірін орындаған болады» деді.