Untitled Document

Мақала ... Византия Императоры

Пайғамбарымыз Византия Императорына елші ретінде жіберген Дыхиа Калби радиаллаһу анһтың айтып бергені:

Расулуллаһ мен арқылы Византия Императорына бір хат жолдады. Константинопольге келіп жанына барғанымда хатты оған бердім. Хатты толығымен оқып біткенде Императордың жанындағы адамдардың барлығы шығып кетті. Маған жақындауымды айтып, кеңесшісі болған патриархты шақыртты. Патриарх келгенде оған жағдайды айып хатты оқытты. Хатты оқыған патриарх:

  • «Міне біз күткен және Иса алейһиссаламның бізге сүйіншілеген ақыр заман Пайғамбары осы»-деді.

Император таңқалып одан сұрады:

  • - Олай болса, не істеуіміз керек?
  • - Сені білмеймін, бірақ мен оны қолдап, оған мойынсұнамын. Оған иман етемін.
  • - Мен сен айтқан нәрсені өте жақсы білемін. Бірақ оған мойынсұнуға, яғни мұсылман болуға күшім жетпейді. Өйткені билігім қолымнан кетеді, сарайдағылар мені тірі қоймайды.

Осылайша Император мұсылман болудан мақұрым қалды. Патриарх болса бірнеше жексенбі шіркеуде жиналған жұрттың алдына шықпады. Пайғамбарымызға иман еткендігін және мұсылман болғандығын білдіретін бір хат жазып жіберді. Кейін патриархтың мұсылман болғандығы жайлы хабар бүкіл  Константинополь қаласына да тарап кетті. Оның дін ауыстырғанын естіген христиан фанатиктері оны шәһид етті.