Untitled Document

Сұхбат... Тәйәммум қалай алынады?

1. Алдымен жүнiптiктен немесе дәретсiздiктен тазалану үшiн ниет етiледi. Тәйәммуммен намаз оқу үшiн тек қана тәйәммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Ғибадатқа, мысалы, жаназа намазы, тиләует сәждесiн жасауға немесе дәрет, ғұсыл үшiн тәйәммум алуға ниет ету керек. Тәйәммумға ниет етерде дәрет не ғұсылға бөлек ниет ету керек. Жүнiптiктен тазалану ниетiмен алынған тәйәммуммен намаз оқуға болмайды. Дәрет үшiн тағы бiр  рет тәйәммум алу керек.

2. Екi жеңді шынтағынан асыра қайырып, екi алақанды таза топыраққа, тасқа немесе әктелген дуалға сүрту керек. Сосын кемінде үш саусақ тиетіндей етіп екi алақанмен бетті бiр рет мәсiһ етеді. Қол беттің инедей жеріне тимей қалса, тәйәммум болып есептелмейді.

Бетті толық мәсiһ ету үшiн алақанды ашып, төрт саусақты бірлестіріп, саусақтардың ұштарын бiр-бiрiне тигiзiп, маңдайдың үстінен жаққа қарай сипап түсiредi.

3. Екi алақанды тағы да топыраққа сүртiп, бiр-бiрiне соғып, топырағын сiлкiп түсiрген соң алдымен сол қолдың төрт саусағының iшiмен оң қолдың үстiңгi жағын саусақтардан бастап шынтаққа дейiн сипау керек. Сосын қолдың астыңғы жағын шынтақтан саусақтарға қарай сипау керек. Сол қолды да дәл осылай iстеу керек. Сақинасын айналдыру керек. Қолда топырақтың шаңы қалу шарт емес. Дәрет және ғұсыл үшiн тәйәммум бiрдей алынады.

Тәйәммумды бұзатын жағдайлар

Тәйәммумды керек ететін үзір халі бiтіп, су табылған соң дәрет және ғұсылды бұзатын басқа да жағдайларда тәйәммум да бұзылады.