Untitled Document

Сұхбат... Тәйәммум

Тәйәммум топырақпен тазалану деген сөз. Дәрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе су болса да қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда таза топырақ, құм және тас сияқты таза нәрсемен ханафи мазһабында тәйәммум етiледi.

Тәйәммум дәрет және ғұсыл үшiн үлкен жеңiлдiк. Дiнiмiзде топырақпен тәйәммум алу сумен дәрет алу сияқты. Дiнiмiз лас нәрселердi топырақпен тазалаудың мүмкiн екендiгiн бiлдiрген.

Тәйәммумға себеп болатын жағдайлар:

1. Дәрет және ғұсыл үшiн су табылмау (қалада әр қашан су iздеу парыз).

2. Су қолдануға кедергі болатын ауру, су қолданғанда суықтан өлу немесе ауырып қалу қаупiнің болуы.

3. Судың қасында дұшпан немесе жыртқыш жануардың болуы.

4. Қамауда болып су қолдана алмау.

5. Өлiммен қорқытылу.

6. Жолаушылап жүргенде iшетiн судан басқа су болмау.

7. Құдықтан су шығаруға мүмкiндiгi болмау.

Тәйәммумның парыздары

Тәйәммумның үш парызы бар. Дәрет және ғұсыл үшiн тәйәммум бірдей алынады. Тек қана ниеттерi басқа. Дәрет ниетімен алынған тәйәммум ғұсыл орнына жатпайды. Бiрақ сол тәйәммум ғұсылға жарамды болу үшiн ғұсылға да ниет ету керек.

1. Ниет ету.

2. Екi алақанын таза топыраққа сүртіп, бетті толығымен мәсiһ ету.

3. Екі қолды таза топыраққа ұрып, алдымен оң, сосын сол қолды шынтаққа дейін мәсiһ ету.

Тәйәммумның парызы екеу деген ғалымдар да бар. Олар екінші мен үшінші парызды қоса санаған. Екеуi де дұрыс.