Untitled Document

Сұхбат... Парыз және нәпіл ғибадаттар

Адамның ахиретке иманмен немесе имансыз кететіні соңғы демінде белгілі болады. Сондықтан тәубе ету әрбір мұсылманның бірінші міндеті болуы керек.

Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай бұйырады:

«Тәубе етіңдер! Тәубе ету арқылы құтыла аласыңдар!».

Бір кішкентай күнәны жасамаудың сауабы бүкіл ғаламның нәпіл ғибадаттарын орындаудың сауабынан да артық. Өйткені нәпіл ғибадаттарды орындау парыз емес. Ал күнәлардан сақтану баршаға бірдей парыз. Парыздың жанында нәпіл ғибадаттар теңіздің жанындағы бір тамшыдай болмайды.

Аллаһу та’аланың разы болған істері «парыздар» және «нәпілдер» болып екіге бөлінеді. Нәпіл ғибадаттардың парыз ғибадаттардың жанында еш құны жоқ. Бір парызды орындау, уақыты өткен болса дереу қазасын өтеу таза ниетпен мың жыл бойы нәпіл ғибадат жасаудан әлдеқайда абзал. Нәпіл намаз, садақа, нәпіл ораза, зікір ету және басқа да нәпіл ғибадаттардың бәрі де осындай. Мәселен зекет беру парыз болғандықтан, бір алтын зекет беру таулардың көлеміндей алтын садақа беруден әлдеқайда жақсы. Тіпті парыздарды орындағанда бұл парыздың сүннеттерінің және әдептерінің біріне мән беру де осыншалықты өте пайдалы.

Расулуллаһ алейһиссалам: «Бір түйірдей (яғни өте аз) күнәдан сақтану бүкіл жындардың және адамдардың ғибадаттарының қосындысынан да жақсы» деген.

Мұхаммед алейһиссаламға түйірдей мойынсұну, шаң данасындай оған бағыну, бүкіл дүние ниғметтерінен және бүкіл ахирет ләззаттарынан да үстем және қабыл болады. Әһли сүннет ғалымдарының, сондай ұлы ғұламалардың және салих кісілердің кітаптарында білдірген дұрыс сенімінен, иманынан қылдай ауытқығандардың қияметте азаптан құтылуы мүмкін емес.