Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Тәкаппарлық - Кішіпейілділік

Адамды тәкаппарлыққа итермелейтін жеті себеп бар:

Білім: Бір нәрсе білетін адам өзін жоғары, ерекше санайды, ал бұл нәрсені білмейтін адамды өзінен төмен, қадірсіз деп көреді. Олардан әрқашан құрмет және қызмет етуін күтеді.

Амал және ғибадат: Көп ғибадат ететін адамның тәкаппарлықтан құтылуы қиын. Адамдардың оған құрмет көрсетуін, оны жақсылықтарымен еске алуларын күтеді. Бұлай ғибадат ететін адам бәрінің құритынын, тек қана өзінің құтылатынын ойлайды.

Текті болу: Кейбіреулер текті әулеттен шыққанын мақтан тұтады. Қабіл Адам алейһиссаламның баласы еді. Бірақ имансыз өлді.

Сұлулық: Сұлулығымен мақтану ең көп әйелдерде болады. Аллаһу та’ала адамның сыртқы сұлулығына емес, жүрегіне қарайды.

Бай болу: Кейбір байлар мал-мүлкінің көптігінен өздерін кедейлерден үстем көреді. Харун өте бай еді. Бірақ байлығымен бірге оны жер жұтты.

Күшті болу: Күштілер де әлсіздерге қарсы кісімсінеді. Алайда адамдардан да әлдеқайда күшті жануарлар бар.

Туыстарының көптігі: Кейбіреулер бала-шағасының, туыс, таныстарының көптігімен өзін үстем тұтады.

Тәкаппарлық қаншалықты жаман болса, қарапайымдылық, яғни кішіпейілділік соншалықты жақсы. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһ үшін кешіргеннің абыройы артады, қарапайымдылық көрсеткеннің үстемдігі артады».

«Аллаһ қарапайым болған мұсылманды биіктетеді».

«Абырой қарапайымдылықта».

«Адам қарапайымдылық көрсеткенде Аллаһу та’ала оны жеті қабат көкке дейін көтереді».