Сұхбат... Хадестен таһарат
Дәрет алу намаздың парыздарының бiрi. Құран кәрiмдi ұстау, Қағбаны тауап ету, тiләуат сәждесiн жасау, жаназа намазын оқу үшiн де дәрет алу қажет. Сонымен қатар үнемi дәретпен жүру, жатарда дәрет алып жату, тамақтанғанда дәреттi болу үлкен сауап болады.
Дәретпен жан тапсырған адамға шәһидтiң сауабы жазылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дәретпен дүниеден өткен адам өлiм азабын тартпайды. Себебi дәрет имандылықтың нышанын бiлдiредi. Сондай-ақ намаздың кiлтi, дененi күнәдан тазартушы болып есептеледi.»
«Мұсылман адам дәрет алғанда күнәлары құлағынан, көзiнен, қолынан және аяғынан төгiледi. Отырған уақытта күнәлары кешiрiлген күйде отырады».
«Амалдардың ең қайырлысы намаз. Үнемi дәретпен жүру тек мүминнiң сипаты. Мүмин күндiз дәретпен жүргенi сияқты түнде де дәретпен жатуы керек. Осылай iстейтiн болса, Аллаһу та’аланың қамқорында болады. Дәретпен тамақ жеген адамның жеген тамағы зiкiр етумен болады. Және де иесi үшiн кешiрiм тiлейдi».
Дәреттiң парызы, сүннетi, әдебi, тыйымдары және бұзатын жайттары да бар. Дәреті жоқтығын біліп тұрып әдейі намазға кіріскен адам діннен шығады. Намаз оқып тұрғанда дәретi бұзылса, дереу сәлем берiп намаздан шыққан соң дәрет алып қайта жалғастыру қажет.
Дәреттiң парыздары
Дәреттiң парыздары Ханафи мазһабы бойынша төртеу: 1) Беттi бiр рет жуу; 2) Екі қолды шынтақпен қосып бiр рет жуу; 3) Бастың төрттен бiрiн мәсiһ ету; 4) Екі аяқты тобықпен қосып бiр рет жуу.
(Ал Шафии мазһабында ниет пен тәртiп те парыз болып, беттi жуғанда ниет ету қажет. Су бетке тимей тұрып ниет етсе дұрыс болмайды. Бет пен жақтағы сақалды жуу парыз. Малики мазһабында болса, дәретте жуылатын мүшелердi ысқылап, бір-бірінің артынша арасын үзбей жуу да парыз. Біздің Ханафи мазһабымызда бұлар сүннет болып табылады).