Untitled Document

Сұхбат... Кедейліктің себептері

Хадис шәрифте былай келген: Адамға кедейлік жиырма төрт нәрседен келеді:

  1. Зәруліксіз тұрып дәрет сындыру,
  2. Жүніп бола тұра тамақ жеу,
  3. Нанның ұсағын басу,
  4. Пияз бен сарымсақтың қабықтарын отқа тастау,
  5. Үлкендердің алдына түсіп жүру,
  6. Әкесін және анасын атымен шақыру,
  7. Ағаштың және сыпырғының талшығымен тісті шұқылау,
  8. Қолын балшықпен жуу,
  9. Табалдырыққа отыру,
  10. Кіші дәрет сындырған жерінде дәрет алу,
  11. Ыдыс-аяқты жумай ішіне тағам салу,
  12. Киімін үстінде тігу,
  13. Аш қарынға пияз жеу,
  14. Бетін етегіне сүрту,
  15. Үйінде өрмекшілерге бой беру,
  16. Таң намазын оқығаннан кейін мешіттен асығып шығу,
  17. Базарға ерте барып, кеш қайту,
  18. Өте кедей, мұқтаж адамнан нан сатып алу,
  19. Әке-шешеге жаман дұғада болу,
  20. Жалаңаш жату,
  21. Ыдыс-аяқтың үстін ашық қалдыру,
  22. Шырақты, шамды үрлеп өшіру,
  23. Барлық нәрсені Бисмилләһсіз істеу,
  24.  Шалбарын тұрып кию.