Untitled Document

Оқиға... Худаи жолы

    Азиз Махмуд Худаи хазрет (1541-1628) ұстазы Уфтада хазреттің қайтыс болуынан кейін Хожа Саадаттин ұстаздың айтуымен Бурсадан Стамбұлға келіп қоныстанады. Фатих медреселерінде фиқһ, хадис, тәпсір ілімдерінен дәріс береді. Ускудардан жер алып ол жерде медресе ашады. Стамбұлдықтар дәрістеріне және сұхбаттарына ағылып келіп жатты. Аты барлық жаққа жайылады. Төрт сұлтан (ІІІ Мұрат, І Ахмет, ІІ Осман және ІV Мұрат Хан) есігіне келеді. Күн өтуімен Хақ ғашықтары медресеге сыймайтын болып дәрістерін Сұлтан Ахмет Мешітінде өткізеді. Сұлтан Ахмет мешітінің ашылатын күні Жұма хұтбасын оқу міндеті беріледі. Бірақ сол күні теңіз аңғарына симай, толқындар жүргізбейді. Худаи хазрет дауылға қарамай Бисмилләһ айтып бастап қайығымен шығып кетеді. Қайық жүрген жолдар тынышталады. Шәкірттері бір тунельден өткендей болып артынан еріп бұғаздан өтеді. Қаншама жылдар Ускудар қайықшыларының дауыл кезінде сенімді болып өтіп жүрген бұл жол «Худаи жолы» деп аталып кетті.

    Худаи хазрет бір күні сарайдағы сұхбаттан кейін намаз уақыты таяп дәрет алмақшы болады. Сұлтан Ахмет Хан құманмен су құяды, ханзадалар жайнамазын төсейді. Сұлтанның анасы басқа бөлмеден сүлгі дайындап тұрып “Ах, осы мубәрәк кісінің бір кереметін көрсем еді» деп ойлайды. Бұл жағдай Худаи хазретке мәлім болып:

    «Таң қаламын! Кейбіреулер әлі керемет көргісі келіп жүр. Халифаның өзі біз секілді ешкімі жоқ адамға су құйып, анасы сүлгі дайындап тұр. Бұдан асқан керемет бола ма?» деген екен.

    Бір күні патша одан дұға сұрайды. Сонда былай деп дұға етеді:

    “Йа, Раббым! Бізді жақсы көргендер теңізге батпасын, қартайғанда мұқтаж қалмасын, имандарын сақтап бақилық және өлетін кездерін білсін!».