Untitled Document

Күннің тарихы... Испания жеңісі

Тарық бин Зияд (рахметуллаһи алейһ) тарихтағы ең ұлы қолбасшылардың бірі болып саналады. Әмәуилердің (омаядтар) Солтүстік Африка әміршісі Муса бин Нусаир оны Испания жорығына қолбасшы етіп тағайындады. 7000 адамдық күшпен 711 жылы Гибралтар бұғазынан өтті. Әскерлері кері қайтуға үміттенбеулері үшін бүкіл кемелерді жағып жіберді. Кейіндері де көп қолданылған «кемелерді жағу» фразасы осыдан қалған. Өте сәтті әскери қимылдарымен Солтүстік Испанияға дейін жеткен Тарық бин Зияд маңызды қалаларды басып алды. Әндулус мәдениетінің жолын ашушы ретінде тарих сахнасында із қалдырды.

    Испанияның оңтүстігінде мемлекет құрған мұсылмандар 1494 ж дейін бұл жерде 8 ғасыр бойы үстемдік құрды. Мұсылмандар ілім және мәдениетте ілгерілегені соншалықты, христиандар теңі жоқ болған бүкіл өнер туындыларын жойып құртқанымен, қазірдің өзінде олардың іздері бар. Испанияда Кордова және Кларнет қалаларында университеттер құрылған. Ішінде 600 000 кітабы бар кітапханалар болған.

Құл ақысы

Бір күні пайғамбарымыз сахабаларға уағыз айтып отырғанда құл ақысы туралы әңгімелейді. Сахабаларына:

– Менде кімнің ақысы бар болса алсын,-дейді.

Сол кезде Укаша (радиаллаһу анһ) дереу орнынан тұрып, рұқсат сұрап, былай дейді:

- Йа, Расулаллаһ, сіз мені бір кезде қолыңызбен ұрған едіңіз. Соның ақысын алғым келеді.

Пайғамбарымыз:

- Кел, Укаша, ақыңды ал,- дейді.

Сол кезде сахабалардың барлығы Укашаға ашулы көзбен қарайды. Укаша пайғамбарымыздың қасына барып, қысылып тұрып былай дейді:

- Йа, Расулаллаһ! Сіз менің киімсіз денемді ұрған болатынсыз. Мен де сізді солай ұрайын.

Пайғамбарымыз дереу көйлегін көтеріп, «Ұр, Укаша” дейді. Хазреті Укаша болса пайғамбарымыздың арқасындағы пайғамбарлық белгісін сүйіп алады.

Мұны көрген сахабалар Укашаға тәтті қызғанышпен қарап қалады.