Untitled Document

Сұхбат... Бәрі Аллаһтан

Имам-и Раббани хазрет «Мәктубат» кітабының үшінші томының 17-ші хатында былай дейді:

Жақсылап ойланып, түсініп қарасаңыз, әр адамға жақсылықтарды тек Аллаһу та’ала жіберетінін білесіз. Ол барлық нәрсені жаратушы. Ол әрқашан барлық болмысты әр сәтте тоқтатады. Құлдардың ең жоғары және жақсы сипаттары – Оның рахымы мен мейірімі. Біздің өміріміз, ақылымыз, біліміміз, күш-қуатымыз, көруіміз, естуіміз және сөйлеу қабілетіміз де Одан. Сансыз көп нығметтер мен жақсылықтарды жіберуші – Ол. Әрдайым адамдарды қиыншылықтардан құтқаратын, дұғаларды қабыл ететін, дерттер мен бәлелерді кетіретін де – Ол. Ризықтарды жаратушы да, үлестіруші де – Ол. Оның мейірімділігі сонша, күнәһарлардың ризығын кеспейді. Ол күнәларды жасырушы, әмірлеріне бағынбаған, тиымдарынан сақтанбаған азғындарды ұятқа қалдырып масқараламайды, намыс пердесін жыртпайды.

Оның кешірімі мен мейірімінің зор болғаны сонша, ол жаза мен азапқа лайық адамдарды жазалауға асықпайды. Досы мен дұшпанына ниғметтерді бірдей береді. Ешкімнен ештеңені аямайды. Ол өзінің барлық нығметтерінің ең жақсысын және ең қадірлі болған тура жолды, бақыт пен құтылу жолын көрсетеді. Жолдан адаспауға, жәннатқа кіруге шақырады. Жәннатта шексіз нығметтерге, шексіз ләззаттарға, оның разылығы мен сүйіспеншілігіне қауышуымыз үшін сүйікті Пайғамбарына (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) ілесуімізді бұйырады. Міне, Аллаһу та’аланың нығметтері күн сияқты анық көрінуде. Басқалардан келетін жақсылықтар тағы да Ол арқылы келеді. Оларға жақсылық жасау қалауын, күш-қуат берген – Ол. Сол себепті де, әр жерден барлығына келетін нғыметтерді жіберетін – тағы да Ол.

Одан басқалардан жақсылық, сый күту аманат иесінен аманат болған нәрсені сұраумен және кедейден зекет сұраумен бірдей.