Untitled Document

Сұхбат... Дәретпен жүру

Әрдайым дәретпен жүрудің пайдасы көп. Әрдайым дәретпен жүруге күш салу керек. Дәрет алған адамның барлық кіші күнәлары кешіріледі.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Жақсылап алынған дәрет - иманның жартысы».

«Дәретпен жүрген адам ораза тұтқан адам сияқты».

«Дәрет алып, екі рәкат намаз оқыған адам жұмаққа баруға лайық болады».

«Жаналғыш періште келген кезде дәретті болған адам шәйіт мәртебесіне көтеріледі».

«Дәрет алған адамның ағаштан жапырақ төгілгені сияқты күнәлары төгіледі».

«Тек кемел мүмин ғана әрдайым дәретпен жүре алады».

«Дәретпен жатқан адам түнде қайтыс болса шәйіт болады».

«Дәретпен жатқан адам түнде ғибадат жасаған, күндіз ораза тұтқан адам сияқты».

«Дәретпен жүрген адамға Аллаһу та’ала мыналарды нәсіп етеді:

- Періштелер қасынан кетпейді.

- Әрдайым сауап жазады.

- Барлық мүшелері тәсбих айтады.

- Ұйықтаған кезде періштелер адам мен жынның жамандығынан сақтайды.

- Жан тапсыруы оңай болады.

- Дәретті кезде Аллаһу та’аланың қорғауында болады.

- Ифтитах тәкбірін жіберіп алмайды».

Аллаһу та’ала Мұсаға бұйырды:

«Ей Мұса! Саған бір қиындық келгенде дәретсіз болсаң өзіңді айыпты сана».