Untitled Document

Білген жөн... Қатерлі ісіктен сақтану үшін жасалатын шаралар:

Жас ерекшелігіне қарай, тұрақты түрде скринигтен өту керек. Бұл тексеру толығымен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Бұл аурудың сиптомдары анықталған жағдайда, өз тарапыңыздан дәрігер тексеруінен өткен жөн.

* Немқұрайлық етпей, дер кезінде емделу керек. Созылмалы ауруға шалдыққандар болмашы шағым болса да дәрігерге айтып кеңес алу керек. Жиі-жиі тексеріліп тұру қажет.

* Стреске, темекіге, спиртті ішімдіктерге және есірткі заттарға тәуелді болу, қатерлі ісік қауіпін арттырады

* Бір күнде 20 дана темекі шегетін адам 10 данаға азайтатын болса, өкпе қатерлі ісігінің қауіпі де 27% ға азаяды.

* Егер отбасында қатерлі ісік ауруымен аурығандар бар болса, тексерілу керек.

* Ыдыстар жуылғаннан кейін сумен жақсылап шайылуы керек.

* Киімді және денені жуғанда таза зәйтүн майынан, лаврдан немесе пісте майынан жасалған сабындар қолданылу керек.

* Кілемдер жуылып, жиі-жиі сіркелі сумен сүртіліп тұруы керек.

* Бөлмеге себетін «ауа сергітуші» сепкіштер у шығарады, иммунитет жүйесін бұзады.

* Теледидардан, ұялы телефоннан және радиация тарататын құралдардан ұзақ тұру керек.

* Fast food тағамдары аптада үш рет желінетін болса, ми ісіктерінде, лимфомаларда және лейкоздарда арту сезіледі.

* Жемістерді, көкөністерді, айранды және ірімшікті көп тұтыну керек.

* Пластикалық, мыс, алюминийден жасалған ыдыстарды қолданбау керек.

* Жеміс және көкөністерді канцероген заттардан тазалау үшін сірке суында біраз ұстау керек.

* Көк пияз, иісті балдыркөк, бұршақ, талшын және жаңғақ түрлерін көп тұтыну керек.

* Мұздатылған тағамдар еріген кезде дереу пісірілу керек, екі рет жылытылатын болса ДНК-сы бұзылады.