Untitled Document

Мақала... Мұсылмандар ашқан жаңалықтар (5)

Жер шар тәріздес

ІХ-ғасырда көптеген мұсылман ғалымдары Жердің дөңгелек формада екеніне сенімді болған. Астроном Ибн Хазмның пікірі бойынша, «Күннің Жердің нақты бір нүктесіне әрқашан тік орналасуы» бұған дәлел бола алады. Бұл Галилей жаңалық ашқанға дейін 500 жыл бұрын айтылған. Мұсылман астрономдарының есептеуі нақты болғаны сонша, олар экватордың ұзындығын 40253,4 шақырым деп есептеп, 200 км-ге ғана қателесті.

Торпедалар мен ракеталар

Қытайлар селитрадан дәрі жасап, отшашу үшін пайдаланғанымен, арабтар оны калий селитрасымен тазалап әскери мақсатта қолдануды ойлап тапты. Мұсылмандар осы қарумен кресшілерді қорқыта алды. ХV-ғасырға дейін олар «өздігімен қозғалатын және жанатын жұмыртқа» деп атаған ракеталарын, торпеданы және өздігімен қозғалатын ұшында садағы бар алмұрт тәріздес бомбаны жасап шығарды. Соңғысын олар жау кемелерін жару үшін пайдаланды.

Бақша

Ортағасарлық Еуропада бақша болғанымен, арабтар бақты демалыс және тәфәккүр үшін қарастырды. Алғашқы патша бақтары ХІ-ғасырда мұсылмандық Испанияда пайда болды. Қалампыр мен қызғалдақтың отаны да мұсылман елдері.

Бүгілмелі иінді, кодты құлып

Бүгілмелі дуал, ротациялы қимылды ұзынды қимылға мұсылман инженері Әл-Джазари ойлап тапты.

Механикадағы маңызды өнер туындысының бірі, заманауи машинаның бір бөлігі суландыруды ойлап тапқан. Инженер кітабынан вентиль мен қақпақты, алғашқы механикалық сағатты ойлап тапқанын білуге болады.

Әл-Джазариді робототехниканың әкесі деп білуге болады. Кодты құлпыда соның өнер туындысы.