Untitled Document

Мақала... Мұсылмандар ашқан жаңалықтар (4) Белгілеу жүйесі (нумерация)

Әлемде қолданылып жүрген белгілеу жүйесі Үндістаннан шыққан болар, бірақ сандар пішіні – арабтікі және ең алғаш жазба түрде мұсылман математиктері әл-Хорезми мен әл-Киндидің жұмыстарында 825 жылы жарыққа шықты. «Алгебра» сөзінің түп атасы әл-Хорезмидің “Al-Jabr wa-al-Muqabilah” кітабының атауынан шыққан, сонымен қатар онда жазылған қағидаттар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. Алгоритмдер мен тригонометрияның кейбір теорияларымен қоса мұсылман математиктері жұмысының нәтижелері Еуропаға 300 жылдан кейін жетті. Әл-Кинди ашқан жиілік анализ заманауи криптографияның дамуына негіз болды.

Үш тағамнан тұратын түскі ас

Үш тағамнан тұратын түскі ас – сорпа, одан кейін желінетін ет немесе балық, оның артынан берілетін жемістер мен жаңғақтар концепциясын ІХ-ғасырда Кордобадан Иракқа әкелген Әли ибн Нафи болатын. Ол сонымен қатар тұрмыста хрусталь стақандарды пайдалануды енгізді (оны аталып өткен Аббас ибн Фирнас ойлап тапқан).

Кілем

Кілем ортағасырлық мұсылмандарда үйдің ажырамас бөлігі саналатын. Тоқымашылық техникасы жақсы дамыған еді, әрдайым жаңа бояулар пайда болып тұратын, тоқымашылардың өнері де соңғы орында емес-етін. Еуропада еденді тоқыма төсенішпен жапқан, алайда үй жинаған кезде астына қоқым жиналып қала беретін. Сол себепті араб және парсы кілемдері әлі күнге дейін үлкен сұраныста.

Чек

Мұсылмандар болмаса чек дегеннің не екенін білмей өтетін едік. «Чек» сөзінің өзі арабтың «Саққ» сөзінен шыққан. Оның мағынасы тауарды жеткізген уақытта міндетті түрде төлеймін деген қолжазба. Чекке деген сұраныс ақшаны алыс қашықтыққа алып жүру қауіпті болғаннан туған. ІХ-ғасырдың өзінде мұсылман кәсіпкерлері Бағдат банкілеріне жазылған чектерді Қытайда ақшаға ауыстырып ала алған.