Untitled Document

Мақала... Мұсылмандар ашқан жаңалықтар (3) Сүйір арка

үйір арка – еуропа готикалық соборларына тән сипат, бірақ мұндай аркалар идеясы мұсылман архитектурасынан алынған. Ол римдіктер мен нормандар пайдаланатын жарты шеңбер аркадан мықтырақ болған әрі сәйкесінше, одан да биік, құрылысы күрделі ғимараттар салуға мүмкіндік берген. Сонымен қатар еуропалықтар мұсылмандардан ойлы-қырлы күмбездер мен дөңгелек терезе-розеткалар құрылысының идеясын алған. Еуропалық қамалдар атыс ойығымен, жақтауларымен, барбакан және төртбұрыш мұнараларымен мұсылман қамалдарына ұқсап қалды. Мысалы, Генрих V қамалының архитекторы мұсылман болған.

Хирургиялық құралдар

Скальпельді қосқанда, медициналық ара, қысқаш, жіңішке қайшы,  жалпы көптеген заманауи хирургиялық құралдар мұсылман хирург әз-Захрауи ойлап тапқан қалпын әлі күнге дейін сақтауда. Сонымен қатар, ол ішкі тігіске пайдаланылатын кетгут ағзада табиғи түрде сорылып кететінін және медициналық капсулаларда пайдалануға болатынын байқаған. ХІІІ-ғасырда Уильям Гарвейге дейін 300 жыл бұрын мұсылман дәрігері Ибн Нафис қан айналу процесін сипаттап берген. Мұсылман дәрігерлері анестетиктер мен катарактаны экстракциялауға арналған қуыс инені ойлап тапқан.

Жел диірмені

Жел диірменін арабтар 634 жылы ойлап тапқан және жүгеріні ұнтақтау мен сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланған. Араб шөлдерінде жалғыз қуат көзі айлар бойы бір бағытта соғып тұратын жел болатын және сол қайнаркөздің бар күшін пайдаланатын. Жел диірмендерінде матамен және пальма жапырақтарымен жабылған 6 немесе 12 қанат болатын. Еуропада алғашқы жел диірмендері тек 500 жылдан кейін пайда болды.