Untitled Document

Мақала... Мұсылмандар ашқан жаңалықтар (2) Парашют

Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженері Аббас ибн Фирнастың басына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым кішкене қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылды. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіз құлап, бақилық болады: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді.

Сабын мен сусабын

Күнделікті жуыну – исламның басты шарттарының бірі. Сондықтан болар, мұсылмандар сабынды барынша жетілдіруге тырысты. Сабынға ұқсас жуу құралдары ежелгі мысырлықтарда, римдіктерде болғаны мәлім, бірақ арабтар өсімдік майларын натрий гидроксиді және иістендіргіш заттармен араластыруды ойлап тапқан. Брайтонда бір мұсылман монша ашып, осылайша Англияда 1759 жылы сусабын пайда болды.

Заманауи химия

Жәбир ибн Хайян – алхимияны химияға айналдырған ғалым. ІХ-ғасырда ол заманауи ғылымда әлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан процесстерді ашты: дистилдендіру, кристаллизациялау, еріту, рафинадтау, тотықтандыру, буландыру және фильтрлеу. Хайян күкірт қышқылы мен азот қышқылын ашқан және де айыру аппаратын ойлап тапты. Соның арқасында әлемде алкогольдік ішімдіктер мен иіссуларға пайдаланылатын иістендіргіштер пайда болды.