Untitled Document

Мақала... Мұсылмандар ашқан жаңалықтар (1)

Әдетте Батыс елдері әлемдегі ғылым-білімнің дамуына, өркениеттің өркендеуіне мұсылмандардың қосқан үлесін аса мойындай қоймайды. Алайда, тарихқа тереңірек үңіліп қарасаңыз, мұндай жаңсақ ойға берілудің бекер екенін білесіз. Себебі, мұсылман ғалымдарының ғылымға енгізген жаңалықтары, әлемнің дамуына сіңірген еңбектері біз ойлағаннан да зор. Ислам тарихы елеулі өнер, сәулет, әдебиет туындыларымен қоса, әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарына да бай.

Кофе

Аңызға сәйкес, араб Халид оңтүстік Эфиопия аймағындағы Қаффада қойларын бағып жүріп, қойларының нақты бір жидектерді жегенде белсенді болып кететінін байқаған. Соларды жинап алып, Халид алғашқы кофені қайнатады.
Дәндерді сыртқа шығару жайлы ақпараттар кофені Эфиопиядан Йеменге экспорттауға қатысты болды. 15- ғасырдың өзінде оны Меккеге және Түркияға апарған, сол жақтан кофе 1645 жылы Венецияға жеткен. Англияға дәндерді түрік Паскуа Роси 1650 жылы әкелген және лондондық Ломбард көшесінде алғашқы кофейняны ашады. «Кофе» сөзінің жолы біршама ұзын: арабша “qahwa” түрікше “kahve”-ге айналды. Итальяндықтар оны “caff” деп қабылдап, ағылшындарда “coffee” сөзі пайда болды, ал орысша — “кофе” болды.

Камера

Ежелгі гректер көздердің жарық бөлетініне және адамдар сол арқылы көре алатынына сенген. Шын мәнінде, жарықтың көзге түсетіні жайлы Х-ғасырда өмір сүрген мұсылман математик, астроном және физик Ибн әл-Хайсам айтқан. Қақпақ саңылаулары арқылы жарықтың енуін бақылаған ол, саңылау кіші болған сайын сурет барынша жақсы көрінетінін байқаған, осылайша алғашқы обскур-камерасын ойлап тапты (“qamara” арабшадан аударғанда “қараңғы немесе бөлек бөлме” дегенді білдіреді). Сонымен қатар, әл-Хайсам бірінші болып физиканы философия ғылымынан тәжірибеге ауыстырған деп есептеледі.