Untitled Document

Күннің тарихы... Мұхтар Шаханов

2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу селосы —қазақ ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.

Қыпшақ тайпасы торы руы Көкмұрын бөлімінен шыққан.

·         Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969).

·         "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді.

·         1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.

·         «Жалын» альманахының (1984) бас редакторы.

·         «Жалын» журналының бас редакторы (1986).

·         1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.

·         2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

·         "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.

·         Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

·         Республикалық "Жалын" журналының бас редакторы.

"Алғашқы өлеңімді бала кезімде жаздым, кейін 16 жасымда республикалық газетке шықты. Сол кезде "16 жасар ақын шықты" деп жарияланды. Бүкіл Қазақстан шулады. Елдің түкпір-түкпірінен 400-ден аса хат келді. Екі адам іздеп келді, оның бірі – Шәмші Қалдаяқов, екіншісі – қазақтың дара тұлғалы ақыны Төлеген Айбергенов", - дейді Мұхтар Шаханов.

Былтыр Ұлытау облысында өткен Ұлттық құрылтайдың соңында Мемлекет басшысы қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановты мерейлі 80 жасымен құттықтап, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыстады.