Untitled Document

Ертең ... Тәруия күні

Зүл-хиджа айының сегізінші күні «тәруия күні» деп аталады. Ол күні қажылар Меккеден Минаға барады. Тәруия деп аталуының сыры қажылардың ол күні зәмзәм суын ішіп қануларында. Тәруия «ойлану» деген мағынаға да келеді.

Ибраһим пайғамбар (алейһиссалам) зүл-хиджа айының 8-ші түні түсінде өз баласын сойғалы жатқанын көреді. Таң атқаннан кейін «Түс Аллаһтан ба, шайтаннан ба?» деген ойға шомады. Арапа түнінде өзіне «Бұйырылған нәрсені орында» деген бұйрық келгенде Аллаһтан екенін біледі. Осыдан келіп, ол күн «білу» деген мағынаны беретін «арапа» сөзімен аталды. Арапа зүл-хиджаның 9-шы күні. Басқа күн «арапа» деп аталмайды.

Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Бір мұсылман Тәруия күні (арападан бір күн бұрын) ораза тұтса және күнә сөйлемесе, Аллаһу та’ала оны әлбетте жұмаққа апарады».

«Рақымдылық есіктері төрт түнде ашылады. Ол түндері жасалған дұға мен тәубе қабыл болады. Рамазан айты мен құрбан айттың 1-ші түндері, бәрат түні және арапа түні».

 

Мал сойғанда мәкрух болатын нәрселер

1. Құрбандық малды соятын жерге сүйретіп апару, себепсіз жәбірлеу.

2. Пышақты малды жатқызғаннан кейін қайрау және біреуін екіншісінің көз алдында сою мәкрух болады.

3. Денесі суи бастамай тұрып, яғни тыпыршуы тоқтамай тұрып басын кесіп алу мәкрух болады.

4. Мал толығымен өліп, тыпыршуы тоқтамай тұрып жұлынын кесіп басын алып тастау және терісін сыпыра бастау мәкрух болады.

5. Қамыс, тас секілді өткір заттармен сою, өтпес пышақпен союға тырысу мәкрух болады.

6. Туатын кезі жақын қалған малды сою мәкрух болады.

7. Ұрланған, тартып алынған пышақпен сою да мәкрух болады.