Untitled Document

Отбасы... Үйленген адам ризыққа қауышады

Сұрақ: Үйленген адам ризыққа қауышады деп айтылып жатады, осы рас па?

Жауап: Иә, рас. Яғни ризықтарға қауышуы оңай болады. Өйткені пайғамбарымыз «Үйленіп ризық іздеңдер!» деп бұйырған. (Дәйләми)

Хазреті Омар да: «Үйленбей тұрып ризық іздейтіндерге таң қаламын» деп «Нұр» сүресінің 32-аятын оқыған, онда былай делінеді: «Араларыңдағы бойдақтарды, құлдарың мен күңдеріңді, жақсыларын үйлендіріңдер. Егер кедей болса, Аллаһ оларды мейірімімен байытады. Аллаһу та’ала мейірімі мол және білуші» (Нұр 32, Мәдарик тәфсирі)

«Бас екеу болмай, мал екеу болмайды», «Үйленген адамға және үй салып жатқан адамға Аллаһ жәрдем береді» деген нақыл сөздер бар. Яғни үйленген адам отбасын бағып-қағу жөніндегі жауапкершілікті жүктенеді, ес тияды, балалықты қояды.

Демек, бай болмаса да Аллаһу та’аланың дініне мойынсұну, харамдардан сақтану ниетімен үйленген салих мұсылманға Аллаһу та’ала жәрдем береді. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Харамнан сақтану мақсатымен үйленген адамға Аллаһу та’аланың жәрдемі хақ болады» (Ибн Мәний).

 «Аллаһу та’ала үйленген ерлі-зайыптылардың әзілдескендерін ұнатады және сол себептен екеуіне де сауап жазады, ризықтарын да халалынан арттырады» (И. Адий).

«Ерлі-зайыптылардың бір-бірлеріне жақсылық және құрмет көрсеткен кездерінде Аллаһу та’ала оларға мол ризық береді және оларды қамқорлығына алады» (И. Асакир).