Untitled Document

Ғибрат... Өзін үстеммін деп ойлау пәлекет

Әһли хикмет ғұламалар айтады: Адамның өзін үстем, кемел екендігін, пісіп жетілгендігін ойлауы негізінде мүлдем жетілмегендігін, әлі шикі екендігін көрсетеді. Өзін көшедегі иттен, кәпірден де үстем деп білмеу керек. Бірақ бұлай ойлау, өзін бұлай сезіну өте қиын. Бұл әулие кісілерге тән қасиет. 

Бір күні Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға: «Қауымыңның ішіндегі салих (жақсы) мүминдерді ажырат» дейді. Мұса алейһиссалам: «Йа Раббым, мен сенің сүйікті құлдарыңның кім екенін қалай білемін?» дейді. Аллаһу та’ала: «Салих құлдар мына жаққа өтсін деп жарияла, олар өздері ажыралсын» деді. Қауымына барып: «Ей қауымым, іштеріңнен ең салих болғандарың мына бетке өтіңдер, Аллаһу та’аланың әмірі осы» деді. 4-5 адамнан басқаның барлығы мына бетке өтеді. Аллаһу та’ала тағы: «Бұлардың ішінен де салихтары мына жаққа өтсін» деп бұйырды. Бұл жолы жартысы дерлік өтіп, жартысы орнында қалды. «Олардың ішінен де ең салихтары ажыралсын» деп бұйырылды. Бұл жолы жетпіс кісі ажыралып шықты. «Бұлардың да ішіндегі ең салихтары бөлек шықсын» деп бұйырылды. Бұл жолы үш кісі ажыралып шықты.

Адамдардың барлығы аң-таң, не болар екен деп күтіп тұрды. Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға: «Йа Мұса, бұлар менің басты дұшпандарым, олар да маған дұшпан, оларды мүлдем жақсы көрмеймін» деп бұйырды. Мұса алейһиссалам мұның хикметін сұрағанында «Мен салихпын (жақсымын), көп ғибадат етемін дейтіндердің барлығы маған дұшпан. Өйткені олар нәпістерін ишара етуде. Аллаһ үшін қарапайымдылық еткендерінде, Аллаһ үшін салих құл болғанда менмендеп ортаға шықпас еді» деп бұйырды.