Untitled Document

Сұхбат... Расулуллаһқа мойынсұну

    Алааддин  Конеуи хазрет әулиелердің ұлыларынан еді. Фиқһ, кәлам, тәпсір, усул және әдебиет ілімдерінің ғалымы болған. 1270 жылы Конияда дүниеге келіп, 1328 жылы Шамда қайтыс болды. Алааддин Конеуи хазрет барлық әрекеттерін Расулуллаһ алейһиссаламға мойынсұндыруға тырысты. Шәкірттеріне бұлай болмаған жағдайда Расулуллаһқа керекті тағзым және құрмет жасалмаған болатынын айтатын. Ол пайғамбарымызға еру және Оған құрмет көрсету үшін мына нәрселерге мән беру керектігін үнемі айтып жүрді:

1. Расулуллаһтың есімі аталғанда дұға және салауат айту.

2. Расулуллаһ алейһиссаламды зиярат еткенде қасиетті қабірінің жанында дауыс көтермеу.

3. Расулуллаһтың тұрған жері болған Мәдина Мунаууараға тағзым және құрмет ету, ол жерде тыйым салынған нәрселерді істеуден (немесе күнә істеуден) сақтану және Мәдина Мунаууараның халқына сый-сыйапат көрсету.

4. Пайғамбарымыздың қасиетті сөздері, істері турасында Оның мәртебесін түсіретіндей мәміледе болмау. Мәселен, Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) пәлен нәрсені жақсы көретін, бірақ мен ол нәрсені жақсы көрмеймін деуге болмайды.

5. Құран кәрім немесе хадис шәриф кітаптарының үстіне басқа кітап немесе басқа зат қоймау керек.

6. Аллаһу та’аланың қасиетті есімі немесе пайғамбарымыздың мүбәрәк есімдері жазылған қағазды тастамаған жөн. Мұндай қағаздарды жыртуға болмайды. Ислам әріптерімен жазылған қағаздарға да құрмет ету керек. Бұларды таза матаға орап адам баспайтын жерге топыраққа көму абзал болады.