Untitled Document

Сұхбат... Зүл-хиджа айының қасиеті

Құрбан айт мейрамы болатын ай – Зүл-хиджа деп аталады. Бұл айдың алғашқы он күнінде орындалған ғибадаттар өте қадірлі болып саналады. Бұл туралы хадис шәрифтерде былай делінеді: «Зүл-хиджаның алғашқы күндерінде ауыз бекіту, бір жыл ораза ұстағанмен; бір түнін ғибадатпен өткізу Қадір түнін ғибадатпен өткізгенмен пара-пар» (Ибн Мажә).

«Зүл-хиджа айының алғашқы он түнінде жасалған әрбір ғибадатқа жеті жүз есе артық сауап жазылады» (Бәйһақи).

«Тәруия күні (Зүл-хиджа айының сегізінші күні, яғни арапа күнінен бір күн-бұрын) ораза тұтып, күнә сөз айтпаған мұсылман жұмаққа кіреді» (Рамуз).

«Зүл-хиджаның алғашқы тоғыз күнінде ораза тұтқан адам әр күні үшін – жүз құлды азат еткендей немесе Аллаһ жолындағы мүжаһидтерге жүз ат жібергендей немесе Қағбаға құрбан шалдыру үшін жүз түйе жібергендей сауап алады» (Р.Насихин).

«Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінің құндылығы мың күнге тең, Арапа күні болса он мың күнге тең» (Бәйһақи).

«Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы он күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбих (субханаллаһ), тахмид (әлхамдулиллаһ), таһлил (ла илаһә иллаллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!» (Табарани).

Хазреті Әбуддәрда былай дейді: «Зүл-хиджа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза тұту, көп садақа беру және көп дұға мен истиғфар ету керек! Өйткені Расулуллаһ алейһиссалам: «Бұл он күннің игілігінен және берекесінен мақұрым қалған адамға обал болсын» деді».

«Зүл-хиджаның алғашқы тоғыз күнінде ораза тұтқан адамның өмірі берекелі болады, мал-мүлкі көбейеді, бала-шағасы бәле-жаладан қорғалады, күнәлары кешіріледі, жақсылықтарына көп еселенген сауап беріледі, өлерінде оңай жан тапсырады, қабірі жарық болады. Жәннатта жоғары дәрежелерге қолжеткізеді» (Шир’а).

Бұл он күн ішінде әһли сүннет кітаптарын оқу - өте үлкен сауап болады. Дін ғылымын, сүннит сенімін үйрену әрбір мұсылман әйел мен ер кісіге парыз. Балаларға үйрету ең әуелгі міндет.