Untitled Document

Сұхбат... Пайғамбарымыздың қабірін зиярат ету

Сұрақ: Қажылықта Меккеден кейін Мәдинаға бару шарт па?

Жауап: Шарт болмаса да баруға тырысу керек. Пайғамбарымыздың мубәрәк қабірін зиярат етіп үлкен ниғметтерге қауышуға тырысу керек!

Хадис шәрифтерде былай делінді: 

«Қабірімді зиярат еткен адамға шапағатым уәжіп болды». (Бәйһақи, Дара Құтни, Табарани)

«Тек мені зиярат ету үшін келген адам, қияметте шапағатыма лайықты болады». (Мүслим)

«Мәдинаға келіп қабірімді зиярат еткен адам қияметте көршім болады, оған шапағат етемін». (Шира)

«Қажылық жасап қабірімді зиярат еткен адам, мені тірі кезімде зиярат еткендей болады». (Табарани, Дара Құтни, Ибн Жәузи)

«Қажылық жасап мені зиярат етпеген адам мені ренжіткен болады». (Дара Құтни, И. Малик)

«Мүмкіндігі бола тұрып, үзірсіз (себепсіз) мені зиярат етпеген адам маған жапа жеткізген болады». (Ибн Нәжжар)  

«Мен қайтыс болғаннан кейін мені зиярат еткен адам тірі кезімде зиярат еткендей болады». (Бәйһақи)

«Қабірімнің жанында мен үшін оқылған салауатты естимін. Ұзақ жерлерде оқылғандар маған білдіріледі». (Ибн Әби Шәйбә)

Хазреті Имам Қасталани «Мәуахиби ләдуния» кітабында былай дейді:

«Расулуллаһ алейһиссаламның қабірін зиярат ету тағаттардың ең үлкендерінен және ғибадаттардың ең құндыларынан болып табылады. Мұның терісін ойлағандар Аллаһу та’алаға, Расулына және мұсылмандарға қарсы шыққан және ислам жібін үзген болады».