Untitled Document

Сұхбат... Әли бин Әбу Талиб (радиаллаһу анһ)

Әмир-ул мүминин Әли бин Әбу Талиб (радиаллаһу анһ уә кәррәмаллаһу уәжһәһ) «Тасаууфта адамдарға әулиелік жолының фәйздерінің жетіп баруына себепші болған» он екі имамның біріншісі. Күнясі Әбул Хасан және Әбу Тураб. Ең жақсы көретін есімі Әбу Тураб еді. Оны осы есіммен атағанда қуанатын. Бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қызы хазреті Фатиманың (радиаллаһу анһ) үйіне барды. Хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) көре алмаған соң «Көкемнің ұлы қайда?» деп сұрады. Хазреті Фатима (радиаллаһу анһа) «Арамызда бір нәрсе болды. Ол ренжіп сыртқа шығып кеткен. Менің қасымда қайлулә ұйқысына да жатпады» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Әлиді тауып келуі үшін біреуді жіберді. Ол адам іздеп келді де, хазреті Әлидің мешітте қайлулә жасағанын айтты. Қайлулә – түске дейін біраз ұйықтап алу деген сөз. Түнде ғибадат жасағандарға бұл сүннет болып табылады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мешітке барды. Хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) ұйықтап жатқан және киімі үстінен жерге түскендіктен арқасына топырақ тиген күйде көрді. Мүбәрәк қолымен топырақты қағып, «Тұра ғой, Әбу Тураб, тұра ғой, Әбу Тураб» деді.

Хазреті Омар (радиаллаһу анһ) былай риуаят еткен: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Мен кімнің мырзасы болсам, Әли де оның мырзасы. Мені жақсы көргендер Әлиді де жақсы көреді» деді». Бәра бин Азиб (радиаллаһу анһ) риуаят еткен: «Бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Әлидің (радиаллаһу анһ) қолын ұстап «Мен мүминдерге өздерінен де сүйіктімін бе?» деп сұрады. Ол жақта отырғандар «Йа, Расулаллаһ, иә, біз сізді өзімізден артық жақсы көреміз» деді. Кейін хазреті Әлиді (радиаллаһу анһ) көрсетіп: «Мен кімнің мырзасы болсам, Әли де оның мырзасы! Йа, Раббым, оны жақсы көргенді сен де жақсы көр! Оны жақсы көрмегенді сен де жақсы көрме!» деді».