Қан қысымы деген не? Жүрек әр соғысында насос сияқты жұмыс істейді және керекті қанды дененің ең шеткі нүктесіне дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. Жүректің әр соғысында қан тамырларға белгілі бір күшпен айдалады, бұл күш «қан қысымы» деп аталады. Жүрек әр соғысында 90-100 см3 қан айдайды. Жоғары қан қысымы деген не? Жүректің алғашқы сығылған кезінде өлшенген қан қысымы. Жүректен шыққан қанның айдалу кезінде тамырларға көрсеткен қысымын көрсетеді. Төмен қан қысымы деген не? Жүрек демалуға өткен кезде өлшенетін қан қысымы. Яғни, жүректен қан айдалып, босай бастаған. Белгілері: Жоғары қан қысымының тікелей белгісі болмайды. Шаршау, құлықсыздық, бас айналу, бей-жайлық. Қан қысымының себептері: Семіздік, артық тұз, ішімдік, қозғалыссыз өмір, стерсті жұмыс, темекі, жүктілік. Қан қысымын түсіретіндер: Анемия, ыстықтық, жүдеулік, түнгі ұйқы. Қан қысымын көтеретіндер: Диабет, жаттығу, суықтық, жүктілік, семіздік, стрес. Қан қысымынан құтылу жолдары: - Дене салмағын азайту
- Алкогольді ішімдік пен темекіні тастау
- Шәй мен кофені аз ішу
- Тұзды азайту (күніне 2 гр)
- Шекерлі тағамдардан сақтану
- Кальцийі көп тағамды азайту
- Ақ ет және балық жеу
- Қуырылған емес, пісірілген тағам жеу
- Көкөніс пен жемісті арттыру
- Маргарин қолданбау
- Зәйтүн майын қолдану
- Сұйықтықты көп қолдану
- Стреске жол бермеу
- Орнықты отбасылық өмір
- Таза ауада болу
- Қамырды азайту
- Колалы сусындардан алыс тұру
- Шұжық, гамбургер сияқты дайын тағамдарды қолданбау
- Дайын тамақтарды жемеу
- Үйде дайындалатын тамақтарды жеу
- Майсыз сүт, айран қолдану
- Жаттығуды көп жасау және көп жүру
|