Таңдалғандарға қос
31 Шілде 2010
Қолданылатын күнтізбелер
  1. Хижри қамари күнтізбе: Мұхаммед пайғамбардың (алейһиссалам) Меккеден Мәдинаға хижрет еткен жылынан басталады. Бұл күнтізбенің басы деп қабылданған мухаррам айының бірінші күні милади 622 жыл 16 шілде жұма күні болатын. 1 мухаррам жылдың басы болып саналады. Қамари күнтізбеде бір жыл 354,367706 күнге созылады. (Яғни, 354 күн, 8 сағат, 48 минут, 28,80 секунт). Бұл уақыт айдың жерді 12 рет айналатын уақыты. Күн жылынан 10,87451 күн (10 күн, 20 сағат, 55 минут, 28,8 секунт) қысқа.
  2. Хижри шәмси күнтізбе: Хижреттен басталады. Бірінші күні Мұхаммед пайғамбар Мәдинаға кірген 622 милади жылдың 20-қыркүйегі. Қамари жылдың басынан 70 күннен кейін және күн жылы бойынша есептеледі. Жердің күнді бір рет айналуы бір шәмси жыл болып табылады. Бір жыл милади жыл сияқты 365,242216 күнге созылады.
  3. Милади күнтізбе: Иса пайғамбардың туылған кезінен басталады. Бірақ, бұл басталу уақыты нақты емес. Күн бойынша есептеледі. Қазіргі түрі 1582 жылы 15 қазанда қолданыла бастаған. Бір жыл 365,242216 күн (365 күн, 5 сағат, 48 минут, 47,46 секунт). Қолыңыздағы күнтізбе осы бойынша жасалған. Төрт жылда бір рет ақпан 29 күнге созылады.
  4. Грек күнтізбесі: Бұл күнтізбе милади 622 жылдан басталады. 1917 жылы жасалған өзгерту арқылы хижри қамари жылмен біріктірілген. Жыл басы 14 наурыз күні басталады. Айлар милади жылдағыдай. Күн жылы бойынша есептеледі.

Жылдардың бір-біріне ауыстырылуы:

  1. Милади жылды хижри қамари жылға ауыстыру: Милади жылдан 621,54-ті алып тастайды. Шыққан санға осы санның 32,5-ге бөліндісін қосады.
  2. Хижри қамари жылды милади жылға ауыстыру: Хижри қамари жыл 0,97-ге көбейтіледі. Шыққан сан хижри шәмси жылды көрсетеді. Шыққан санға 621,54-ті қосып милади жылды табуға болады.
  3. Грек жылын милади жылға ауыстыру: Грек жылына 584-ті қосады.
Таңдалғандарға қос Бастапқы етіп сақта info@turktakvim.com