Таңдалғандарға қос
11 Наурыз 2010
Ислам және ғылым

Орта Шығыс елдері маманы Француз Роджер Фоел «L’Islam pour les Profs» (Мұғалімдерге Ислам) атты кітабында Еуропадағы Ислам және Мұсылмандар туралы төмендегілерді жазған:

Әбу Бәкір Рази (935 ж қайтыс болған) өз заманының медицина ілімдерін 30 томдық кітапқа жинады. Өзі де медицина саласында 100 шақты еңбектер жазды. XVIII ғ дейін бұл кітаптар 40 рет қайта басылды. Ғасырлар бойы Еуропа университеттерінде оқытылды. Рази ең көп шешек және қызылша ауруы турасында жазған еңбектерімен мәшхүр болды.

Ибни Сина да медициналық энциклопедия жазып шығарды. Бұл энциклопедия өткен ғасырға дейін Еуропа университеттерінде дәрс кітабы ретінде оқытылды.

Ибни Катиб (1374 ж қайтыс болған) оба ауруының тікелей байланыспен (тию арқылы) жұғатынын анықтаған.

Мысырлық дәрігер Ибни Нәфис қан айналымы жайында алғаш зерттеу жүргізген. Мұндай деңгейдегі нәтижелерге Еуропалықтар 1700 жылдары ғана қол жеткізе алған.

ІХ ғ өзінде дәрігер болу үшін ерекше емтихандардан өту жүйесі бар болатын. Дәрі индустриясының дамығаны соншалықты 1200 жылдары Малагалық Ибни Байтар 1400 түрлі дәрілердің атын қағазға түсірген. Андалусия халқы дәрі қажеттілігін дәріханалардан қамтамасыз еткен.

Арап астрономдары ай және планеталардың бағытын табатын еңбектер жасаған. Айдың жақындауының мұхиттарға әсері, өзендер, кемпірқосақ, таңсәрі қызылдығы турасында да өте ертеде жүзеге асқан еңбектері анықталуда.

ІХ ғасырларда мұсылман астрономдары жер бетінің домалақ екендігін ашқан еді. Коперник және Кеплер де осы жаңалықтарды негізге алып еңбектенген еді.

1400 жылдары мұсылмандар Сицилия және Майоркада теңіз жолы үшін карта сызғанында қарсыластары жоқ еді. Атлас сөзі де арапша сөз. Васко да Гама теңіз жолымен Үндістанға барарда жанына мұсылман жол көрсетуші Ибни Мәжидті алуы да бекер емес еді. Оның бүкіл ілімдерінен пайдаланды.

Таңдалғандарға қос Бастапқы етіп сақта info@turktakvim.com