Untitled Document

Әдеп ахлақ... Көшеде жүру әдебі

Сұрақ: Дінімізде көшеде жүру әдебі де білдірілген бе?

Жауап: Дінімізде кемшілік жоқ. Жүру, отыру, тұру, жату, сөйлеу әдебі сияқты адамға пайдалы немесе зиянды болған әр нәрсе ең нәзік егжей-тегжейлілігіне дейін білдірілген. Басқа діндерде мұндай нәрселер жоқ. Жүру әдебіне қатысты Құран кәрімде былай делінген:

«Тәкәппарланып жүрме!» (Лоқман 18).

«(Тым ақырын емес, жүгіріп те емес) орташа жылдамдықпен жүр!» (Лоқман 19).

«Рахман болған Аллаһу та’аланың (салих) құлдары жер бетінде салмақты және қарапайым болып жүреді». (Фурқан 63).

«Жер бетінде тәкәппарланып жүрме, өйткені сен тәкәппарланатындай жерді қопара алмайсың және таудай биік емессің». (Исра 37).

Хадис шәрифте де былай делінген:

«Көшеде жүгіріп жүру мүминнің қадірін түсіреді». (Әбу Нуайм).

Көшеде, далада жүрген кезде үйлердің терезелеріне қарамау керек. Өткен-кеткен әйелдерге-қыздарға да қарауға болмайды! Көшеде үлкендердің және ғалымдардың алдында немесе сол жағында жүру әдепсіздік саналады! Лауазымы немесе білімі жоғары болғандар сол жақпен жүреді. Жүрген кезде оңның солға қарағанда үстемдігі бар. Бір жерге бара жатқанда жол екіге бөлінсе, сұрайтын да ешкім болмаса не істейміз? Оның жауабын мына хадис шәриф былай берген:

«Алдыңнан екі жол шықса, оң жағымен жүр» делінген. (Б.Арифин).

Әйелдер қандай да бір қажет жұмыспен көшеге шыққан кезде жолдың шетімен жүреді. Әйелдердің аяқ киімдері қарапайым болу керек, жүрген кезде дыбыс шығармай, киінуімен өзіне назар аудартпау керек!