Untitled Document

Сұхбат... Қарызды кешіктірудің жазасы

Сұрақ: Қарызды өтемей, кешіктіру күнә бола ма?

Жауап: Қарызын уақытында өтей алмаған адам барып өтеу мерзімін ұзартуын ақшаның иесінен сұрауы керек. Өтеуге мүмкіндігі бола тұра қарызын кешіктіру күнә болады.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қандай да бір адам мүмкіндігі бола тұра қарызын өтемей кешіктіретін болса, (қарызын өтегенге дейін) күн сайын амал дәптеріне зұлымдық ету күнәсі жазылады». (Табарани).

«Өтемеу ниетімен қарыз алған адам қияметте ұры болып келеді». (Ибн Мажә).

«Алған қарызын өтегісі келмегендерге Аллаһу та’ала қиямет күні: «Бұл адамның ақысын өзіңде қалдырады деп ойладың ба?» деп ол адамның жақсы амалдарын алып, қарыз иесіне береді. Егер қарызын бермеген адамның жақсы амалы болмаса, қарыз иесінің жаман амалдарын, күнәларын қарыздар адамның мойнына жүктейді». (Табарани).

«Бай адамның (өтеуге мүмкіндігі болған адамның) қарызын өтемей, кешіктіріп жүруі зұлымдық болады». (Бұхари). (Қарызын уақытылы өтемеуге зұлымдық, ал өтемеген адамға залым делінген).

«Аллаһу та’ала залым болған байды жақсы көрмейді». (Бәззар).

Қарызы бар адам қарызын өтемей тұрып садақа бермеуі керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қарызы бола тұра берілген садақа қабыл болмайды» делінген. (Бұхари).

Берілмеген зекет те қарыз болып саналады. Қарызын өтеу, зекет беру парыз. Зекет қарызы болған адамның берген садақасы қабыл болмайды. Алдымен осы қарыздарын өтеуі керек. Сол секілді қаза намаздары бар адамның да нәпіл намаздары қабыл болмайды. Сүннеттер де нәпіл намазға жатады. (Н.Фиқһия).