Untitled Document

Сұхбат... Сабыр

Сұрақ: Сабырдың маңызы қандай? Қандай нәрсеге сабыр етудің сауабы көп болады?

Жауап: Сабыр үш түрлі болады. Ең маңыздысы күнә істемеуге сабыр ету. Хадис шәрифте: «Сабыр үш түрлі болады: 1) Бәлеге, бақытсыздыққа сабыр ету. 2) Дін ілімдерін үйренгенде ғибадаттарды орындағанда сабыр ету. 3) Күнә істемеуде сабыр. Бәлеге сабыр еткенге 300, ғибадат етуге сабыр еткенге 600, күнә істемеуге сабыр еткенге 900 дәреже ихсан етіледі» делінген. (Әбушшәйх).

Мұса алейһиссалам Хызыр алейһиссаламға: «Ләдун іліміне қалай жеттің?» деп сұрағанында, ол: «Күнә істемеуге сабыр етудің арқасында» деп жауап берді.

Құран кәрімде сабырдың маңызы көп аяттармен білдірілген. Мына үш аяти кәримада былай делінеді:

«Сабыр еткендерге сияпаттар есепсіз беріледі». (Зүмәр 10).

«Ей, иман келтіргендер, Аллаһтан сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Аллаһу та'ала әлбетте сабыр еткендермен бірге». (Бақара 153).

«Ей, Расулым, кәпірлердің берген азаптарына улул-азм пайғамбарлары сияқты сабыр ет!» (Ахкаф 35).

Сабыр туралы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Иманы ең үстем адам – сабырлы, жомарт және төзімді болғандар». (Дәйләми).

«Хақ та’ла сүйген құлын дертке шалдықтырады, ол құл сабыр етсе, оған разы болады». (Дәйләми).

«Жаман көршісінен келген қиыншылықтарға өлгенге дейін сабыр еткен адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді». (Хаким).

«Аллаһу та'ала сабыр еткен адамды жақсы көреді». (Табарани).

«Аллаһу та'ала былай деп бұйырды: «Кімнің дене-мүшесіне, бала-шағасына немесе мал-мүлкіне бақытсыздық келіп, ол адам жақсы сабыр етсе, қияметте одан есеп сұрауға ұяламын»» (Хаким).

«Хақ та’ала өзін сабыр етуге қинаған адамға сабыр етуді нәсіп етеді». (Бұхари).