Untitled Document

Сұхбат... Ата-ана ақысы

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Бір ғұлама кісі салиха әйелінен былай деп сұрайды:

- Аллаһу та'ала ахиретте «Ұлыңның есебіне өзің қара» деп бұйырса, ұлың күнәларының кесірінен көп жазаға лайық болса, жаза беріліп жатқанда ренжисің бе?

- Қандай жаза? Перзентке жаза беріле ме? Оған ілтипат көрсетіледі, оның ешқандай күнәсін көрмеймін, тікелей жәннатқа барсын деймін.

- Неге лайықты болған жазасын бермейсің?

- Сүйікті құлыныма қалай жаза беремін? Жәннатқа жіберіп қана қоймай, жәннаттың ең ерекше жеріне жіберемін.

- Демек, біз де құтыламыз, өйткені сенің шапағатың мен мейрімділігің Аллаһтың мейрімділігінің қасында ештеңе де емес, - дейді ғұлама.

Бір әулие кісіден де «Ахиретте «сізді есепке анаңыз бен әкеңіздің қайсысы тартсын?» десе кімді таңдайсыз?» деп сұралғанда:

- Екеуін де таңдамаймын, есепке Раббымның тартқанын қалаймын. Ата-анамның мейрімділігі Раббымның мейрімділігінің жанында теңіздің бір тамшысындай да емес. Ол бір тамшысын күллі жаратылысқа таратқан. Барлық жанды нәрселердің перзенттеріне деген шапағаты, мейрімділігі сол бір тамшыдан келген. Теңіз тұрғанда бір тамшы таңдала ма? - дейді.

Мұндай мейрімділігіне қарамай, егер Аллаһу та'ала бір құлына бір жаза берген болса, демек ол құл ең жақын болған ата-анасының көңілін көп қалдырған, яғни ата-анасына қарсы шыққаны соншалық, берілген жазаға лайықты болған. Аллаһу та'ала: «Ата-анасын разы еткеннің істеген күнәларын кешіремін, бірақ, ата-анасын ренжіткен адамның қанша көп ғибадаты болса болсын, тозаққа тастаймын» деп бұйырған. Яғни сендерге жақсылық жасағандарға, сендерге келген ниғметтің себепшісі болғандарға рахмет айтпасаңдар, Аллаһу та'алаға шүкір еткен болмайсыңдар. Ол ниғметтер үшін жасалатын шүкір қабыл болмайды. Жақсылық жасаған адамға рахмет айтпасақ, Раббымызға қанша дұға етсек те қабыл болмайды.