Сұхбат... Халал азықтың маңызы
Сұрақ: Неліктен қазіргі балаларды ойдағыдай тәрбиелеу қиынға соғуда?
Жауап: Балаларды халал азықпен азықтандыру керек! Харам азықтың әсері тікелей балаға тиеді, балада жаман іс-әрекеттердің пайда болуына себеп болады. Хадис шәрифте: «Ішіп-жегендерің халал, таза болсын! Балаларың осылардан пайда болады» делінген.
Балаларды жаман мінезді, әдепсіз әйелдерге де еміздірмеу керек! Сүйікті пайғамбарымыз ақымақ әйелдерді де сүт ана ретінде ұстамауды, сүттің жаман әсері болатындығын білдіруде. Бұл сөзден кәпір әйелді сүт ана ретінде жалдауға болмайды деген мағына шығармау керек! Өйткені фиқһ ғалымы Ибн Абидин хазрет «Кәпір әйелдің мұсылман балаға және мұсылман әйелдің кәпір балаға сүт ана болуы рұқсат» деген. (Рәддул мухтар).
Харам жеу жүректі қарайтады, ауру қылады. Зүннун Мысри хазрет былай деген:
«Жүректің қараюының төрт белгісі бар:
1) Ғибадаттардың ләззатын сезбейді.
2) Аллаһтан қорқу ойына келмейді.
3) Көргендерінен ғибрат (сабақ) алмайды.
4) Оқығандарын, үйренгендерін түсінбейді».
Мұхаммед бин Фадл Бәлһи хазрет те былай деген:
«Жүректің қараюына төрт нәрсе себеп болады:
1) Үйренгенімен амал етпеу.
2) Білмей істеу.
3) Білмегендерін үйренбеу.
4) Басқа біреудің үйренуіне бөгет болу».
Нәпіс жаман қалаулардан (діннің тыйым салған нәрселерінен) құтылған кезде жүрек тазарады.