Untitled Document

Денсаулық... Иммунитетті табиғи жолмен қалай күшейтуге болады?

Адам ағзасындағы иммундық жүйе – бактериялардан, вирустардан және басқа да зиянды микроорганизмдерден қорғайтын күрделі қорғаныс механизмі. Көпшілік иммунитетті күшейтудің құпиясы қымбат дәрумендерде немесе түрлі биологиялық қоспаларда деп ойлайды. Алайда ғылыми зерттеулер иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуі ең алдымен күнделікті өмір салтына байланысты екенін көрсетеді.

1. Ұйқыны қалыпқа келтіру. Ғалымдардың пікірінше, ұйқы иммундық жүйенің негізгі реттеушілерінің бірі болып саналады. Ұйқы кезінде ағза қорғаныс жасушаларын белсенді түрде өндіреді. Ал ұйқының жетіспеуі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін төмендетеді.

2. Дұрыс тамақтану – иммунитеттің басты тірегі. Иммундық жасушалардың қалыпты жұмыс істеуі үшін ағзаға дәрумендер мен минералдар қажет. Әсіресе С және D дәрумендері, мырыш, магний және селеннің маңызы зор. Иммунитетке пайдалы өнімдер: айран мен йогурт, цитрус жемістері, сарымсақ, зімбір, жаңғақ, көкөністер, жұмыртқа, майсыз ет.

3. Қозғалысты көбейту. Тұрақты дене белсенділігі қан айналымын жақсартады. Соның нәтижесінде иммундық жасушалар ағзаға тезірек таралады. Алайда шамадан тыс ауыр жаттығулар кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мамандар аптасына кемінде 150 минут орташа қарқынмен қозғалыс жасауды ұсынады.

4. Ішек саулығына көңіл бөлу. Ғалымдар иммундық жүйенің едәуір бөлігі ішекпен байланысты екенін айтады. Ішектегі пайдалы бактериялар иммундық жауаптың қалыптасуына қатысады. Пробиотиктерге бай тағамдар: айран, йогурт, ашытылған өнімдер.

5. Стресті азайту. Ұзаққа созылған күйзеліс кортизол гормонының деңгейін арттырады. Бұл иммундық жүйенің белсенділігін төмендетеді.

Сондықтан таза ауада серуендеу, тыныс алу жаттығулары және демалыс режимін сақтау иммунитетке оң әсер етеді.