Untitled Document

Сұхбат... Мақсатты дұрыс таңдау

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Алға қойылған мақсат дұрыс таңдалса, соған қарай ғибадаттар, жұмыстар, қызметтер өз райына түседі. Негізгі мақсат – Раббымыздың разылығы. Өзгелердің разы болу-болмауы маңызды емес. Адамдардың қадірлейтін, үстем тұтатын нәрсесін қадірлеген адам қадірсіз болады. Аллаһу та’аланың қадірлі еткен нәрселерін үстем тұтқан адам қадірлі болады. Әр адам өз таңдауына қарай мәміле көреді. Ахыретте Аллаһу та’ала үлкен үмітпен келген кейбір құлдарын өкінішке орай жазалайды, оларға былай деп айтады:

«Ей құлым, істеген істеріңді Менің разылығым үшін істедің бе, әлде адамдар сені мақтауы үшін немесе ақша табу үшін істедің бе? Сен адамдар үшін істедің, адамдар да сені мақтады, ақша да таптың, мақсатыңа жеттің. Бірақ Мен үшін не істедің? Достарымды Мен үшін жақсы көрдің бе? Дұшпандарыма Мен үшін дұшпандық еттің бе?»

Аллаһу та’ала істеген амалымызға емес, сол амалды қандай ниетпен істегенімізге қарайды. Дінімізде ниет орындалған амалдан да маңызды болып табылады. Мысалыға үлкен бір кеменің барлық жері сәнді, ыңғайлы, сапалы болып, бірақ компасы бағытты қате көрсететін болса, ол кеменің капитаны кемедегілерді ешқайда апара алмайды. Мұндай кезде бұл кеменің сәні, ыңғайлылығы, сапасы түкке де жарамайды. Бұл жерде кішкентай ғана бір құралға (компасқа) қажеттілік бар. Міне, жүректегі ниет те осы компас секілді. Дене, ақыл қаншалықты құнды болса да, жасалған істер қаншалықты бағалы болып көрінсе де, егер ниет қате болса, яғни мақсат Аллаһ разылығы болмаса, адам тек өз-өзін немесе айналасындағыларды алдайды және соңында зиян шегеді.

Пайғамбарымыз (алейһиссалам): «Амалдар ниетке байланысты. Мұсылманның ниеті амалынан да қайырлы. Аллаһу та’ала сендердің жүздеріңе, істеріңе емес, жүректерің мен ниеттеріңе қарайды» деген.