Сұхбат... Береке және берекесіздік
Сұрақ: Береке, берекесіздік деген не?
Жауап: Береке – аз нәрсенің көп пайда тигізуі, көп нәрсеге жарауы деген сөз. Аздаған зат берекелі болса, көп адамның пайда көруіне, өте жақсы амалдар жасалуына жарайды. Берекелі болмаған көптеген мал-мүлік бар, иесінің дүние мен ахиретте пәлекетке түсуіне себеп болады. Олай болса, мал-мүліктің көп болуын емес, берекелі болуын сұрау керек!
Ризық мүлдем өзгермейді, азаймайды және көбеймейді. Ешкім ешкімнің ризығын жей алмайды. Ешкім өз ризығын жеп бітірмегенше өлмейді. Кімде-кім Аллаһу та'ала әмір еткендіктен жұмыс істеп, ризығын халал жолдан іздесе, ежелде белгілі болған ризығына қауышады. Бұл ризық оған берекелі болады. Егер ризығын Аллаһу та'аланың тыйым салған жерлерінен іздесе, тағы ежелде ажыратылған белгілі ризығына қауышады. Бірақ бұл ризық оған қайырсыз, берекесіз болады. Ризығына қауышу үшін тапқан күнәлары оны пәлекеттерге жетелейді.
Ислам ғалымдары айтқан: «Үйде Құран кітап сақтау береке. Жақсылық жасаған адамның мүлкі берекелі болады. Асхаби Кәһфтің және Асхаби Бәдірдің есімдері жазылған қағазды үйде және үстінде алып жүруде береке бар. Егінді дәретсіз егу берекесіздікке себеп. Ұстасына құрмет етпеген адамның да табысында береке болмайды. Сәре уақытында тұру береке».
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Асты жиналып бірге жеуде береке бар». (Ибн Мажа).
«Бисмиллаһпен желінген тамақ берекелі болады». (Ибн Мажа).
«Береке тамақтың ортасына түседі. Сондықтан шетінен жеңдер, ортасынан жемеңдер!» (Тирмизи).
«Сәреде және сәре асында береке бар». (Табарани).
«Тамақтан бұрын және тамақтан кейін қолын жуған адамның үйінде береке артады!» (И.Ә.Шәйба).
«Ыстық тамақта береке болмайды». (Дәйләми).
«Балда береке және шипа бар». (Т.Ғафилин).