Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Көңіл ренжітудің күнәсі

Сұрақ: Біреуді ренжіту мәселесіне дініміз не дейді?

Жауап: Имам Раббани хазрет былай деген:

Көңіл (жүрек) – Аллаһу та’аланың көршісі. Аллаһу та’алаға көңілдің жақындығындай еш нәрсе жақын емес. Мүмин болса да, кәпір болса да ешкімнің көңілін қалдырмау керек, яғни ешкімді ренжітпеу керек. Өйткені кәпір көршіні де қорғау керек. Абай болыңдар, сақ болыңдар, біреуді ренжітуден өте сақ болыңдар! Аллаһу та’аланы ең қатты ренжітетін нәрсе – күпір. Күпірден кейін көңілді ренжітудей үлкен күнә жоқ. Өйткені, Аллаһу та’алаға жететін нәрселердің ең жақыны көңіл (жүрек). Адамдардың барлығы Аллаһу та’аланың құлдары. Қандай да бір адамның құлы жәбірленсе, ренжітілсе, оның иесі, қожайыны бұған әлбетте ашуланады. Бүкіл болмыстың жалғыз иесі болған Аллаһу та’аланың мәртебесін, ұлылығын ойлау керек. Оның жаратылыстарына тек қана рұқсат берілген, әмір етілген мөлшерде ғана жұмыс істеткізуге, пайдалануға, қолдануға болады. Рұқсатымен қолдану – оларды ренжіту болмайды. Керісінше Оның әмірін орындау болады. (3 том, 45 мәктуб).

Сәйид Абдулхаким Арваси хазреттің өсиетінің соңғы сөйлемі: «Ешкімді ренжітпеңдер!» болған.

Сұрақ: Көңіл қалдырудың барлығы ренжітуге жата ма?

Жауап: Мазақ ету, масқаралау арқылы кісінің көңілін қалдыру ренжіту болып саналады. Көңіл қалдыратын нәрселердің барлығы ренжітуге жатпайды.

Сұрақ: Адамды ренжітудің, көңілді қалдырудың үкімі қандай?

Жауап: Әлемде (күпірден кейін) біреуді ренжітуге жететін үлкен күнә жоқ. (Мәктубати Раббани 3/45).

Көңіл шыныдан жасалған сарайға ұқсайды. Яғни өте жұқа шыныдан жасалған ыдыс секілді. Сынса, қайта орнына келтіру өте қиын. Әсіресе салих, діндар кісілердің ренжуінен Арши илаһи дірілдейді.