Мақала... Бізге не болды?!
Намазын тәрк етпеген ата-бабаларымыздың телефоннан қолы босамайтын ұрпағы атандық. Аяқтары ісігенше намаз оқыған пайғамбарымыздың, көздері ісігенше ұйықтайтын үмметіне айналдық. Айран, сүт, шұбаттың орнына арақпен сыйласатын болдық. Бір кездері ұят болған тірлікті бала-шағамызбен, ата-анамызбен ұялмай талқылайтын болдық. Көшедегі әдепсіздіктерді көргенде: «Мына ұятсыздарға қара!» - деп, үндемей өтіп кете беретіндей күйге түстік. Тілімізбен «Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпаймыз» дейміз, бірақ негізінде тек Аллаһтан қорықпаймыз, қалған барлық нәрседен қорқамыз.
Алдымен ата-бабаларымызды бізден айырды, тарихымызды жойды. Кейін ата-бабаларымызды танымайтындай ұрпақ болып жетілдік. Бұл жетпегендей ақырындап мінез-құлқымызды бұзды, иманымызды ұрлады, бұған да үндемедік. Кейін қолымызға теледидар берілді. Теледидардың кесірінен алдымен туыстарымыздан, кейін бір үйде тұратын өз отбасымыздан айрылдық. Осымен бітті ме? Әрине жоқ. Бір үйде тұрып бір-бірімізді көре алмайтын халге келдік. Кімнен нені қорғайтынымызды, не үшін еңбек ететінімізді ұмыттық. Үйлерімізді биік-биік дуалдармен қоршап, болаттан жасалған есіктерді орнатып, үлкен-үлкен кілттер жасатып, бала-шағамызды қорғаймыз деп ойладық. Бірақ негізгі қажет болған ахлақ және руханиятымызды жоғалтып алудан қорғай алмадық. Қолына ақша беріп, еш нәрсесі кем болмаса адам болады деп ойладық. Барлық нәрсесі болғанымен, жан тыныштығы, махаббаты қалмаған ұрпақ болып жетілдік.
Біздер мінез-құлықтарымызды, иманымызды, мәдениетімізді жаппай саттық. Әр үйге бір компьютер, қолдарына телефон әперіп, баламызды өз-өзімен қалдырдық. Бұдан былай аналар үйде әр түрлі сериалдармен, балалар компьютер ойындарымен, ал әкелер футбол матчтарымен уақыттарын өткізіп, өз-өздерін жұбатуда.
Айналамыз не ислам ғалымын танымайтын, не ұстаз танымайтын, оқыған 2-3 аяти кәрима немесе хадис шәрифтерімен ғалым атанып жүрген дүмшелермен толды. Айта берсек әрине көп, бірақ негізгі тақырып мынау: «Бізге не болды?!..»