Дұғалар... Мұрат-мақсатқа жету үшін дұға
«Фәтауа-и қариул-хидая» кітабында былай делінген:
Қандай да бір қалауы бар адам жатар алдында дәрет алып, таза төсеніштің үстіне отырып, үш рет салауат айтуы керек. Сосын әрқайсысын бисмилләһпен 10 рет «Фатиха», 11 рет «Ихлас» сүрелерін оқу керек. Соңында 3 рет салауат айтып, оң жағымен құбылаға қарап, оң алақанын оң жақ бетінің астына қойып ұйықтауы керек. Аллаһу та’аланың рұқсатымен түсінде ниет еткен нәрсесінің қалай болатынын көреді.
«Мақатиби шәрифа» кітабында былай делінеді: Қажеттіліктерге, тілектерге жету үшін екі рәкат намаз оқып, сауабын Силсилә-и алия деп аталатын шежіредегі ғалымдардың рухына бағыштау керек. Олардың құрметі үшін деп дұға ету керек. Мысалы: «Йа, Раббым, пәлен жерге аман-есен барып келуімді нәсіп ет. Қиыншылықтан мені құтқара гөр!» деген сияқты дұға еткеннен кейін «Бұл дұғамды Силсилә-и алия ғалымдарының құрметі үшін қабыл ете гөр!» деу керек!
Көзі көрмейтін бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та’алаға дұға етіңіз, көздерім ашылсын» деп өтінеді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Жақсылап дәрет ал! Сосын «Йа, Раббым, Саған жалынып-жалбарынамын. Сүйікті пайғамбарың Мұхаммед алейһиссаламды уәсилә етіп (ортаға қойып) Сенен сұраймын. Ей, ең сүйікті Пайғамбарым Мұхаммед алейһиссалам! Сені уәсилә қылып, Раббыма жалбарынамын. Сен үшін дұғамды қабыл етуін қалаймын. Йа, Раббым, осы ұлы пайғамбарыңды маған шапағатшы қыл. Оның құрметі үшін дұғамды қабыл ете гөр!» деп дұға ет» деді. Ол кісі дәрет алып осылай дұға етті. Сол мезетте көздері ашылды.