Untitled Document

Сұхбат... Шынайы және өтірікші ғалымдар

Әһли сүннет сенімінде болмаған адам жақсы ғалым бола алмайды. Төрт хақ мазһабта болмаған және бұл ұлы ғұламалардың айтқандарынан нақыл етпеген, яғни өзінің пікірін, көзқарастарын діннің әмірі ретінде уағыздайтын адам жақсы ғалым бола алмайды. Бидғатшыны үстем деп білетін адам да ғалым бола алмайды. 

Бұлар негізгі қағидалар. Бұларға сай болмаған адамның әрбір жазуы, сөзі қате болуы мүмкін, зиянды болуы мүмкін, яғни онда әр түрлі бұзықтық болуы мүмкін. Бір ғалымның шынайы немесе алдамшы екенін ажыратудағы кейбір өлшемдер мыналар:

1) Ислам ғалымы жерден от-шөп секілді өсіп шықпайды. Ұстазсыз, ижазатсыз (дипломсыз) ғалым болмайды. Міндетті түрде пайғамбарымызға тірелетін шежіресі болуы керек. Мәселен Хазреті Имам Ғазали, Имам Раббани және Мәулана Халид Бағдади секілді ұстаздары белгілі болуы тиіс.

2) Шынайы ғалым әһли сүннет сенімінде болады. Бұл дәуірде төрт хақ мазһабтың бірінде болады, діндегі төрт дәлелді қабыл етеді.

3) Дініміз нақыл діні болып табылады. Иман, ғибадат ілімдері қияметке дейін өзгермейді. Жазған туындыларында бұған мән береді, яғни тек қана осы құнды ілімдерді нақыл етеді.

4) Ешбір фиқһ кітаптарына сүйенбестен «шабытпен, аян беру арқылы айтып отырмын» деп өз пікірін, өз ойын дінде дәлел ретінде, ілім ретінде көрсетуге тырыспайды.

5) Бидғатшылардан және оларды қолдаушылардан мәселен «мен де Абдух секілді дінде реформа жасағым келеді, Абдух менің ұстазым» дейтіндерден аулақ болады. Олардың зияндарын, қателерін білдіруді міндет деп біледі.

6) «Тек қана Құран» деп сүннетті, ижманы және қиясты қабыл етпейтін, Құран кәрімнен өз түсінігін дәлел деп қабыл ететін азғындардан аулақ болады. Олардың қателерін білдіруді міндет деп біледі.

7) «Мұсылман болу шарт емес, құдайға сенетін барлық адамдар, тіпті христиандар мен яһудилер де жәннатқа кіреді, олар иманды адамдар» дейтін азғындардан аулақ тұрады. Олардың зияндарын, қателерін білдіруді өздеріне міндет деп біледі.

8) Барлығы да жәннаттық болған Сахабалардың ешбіріне тіл тигізбейді, барлығын құрметпен еске алады.

9) Уаһһабилік, сәләфилік секілді адасқандардан аулақ болады. Олардың зияндарын, қателерін білдіруді маңызды міндет деп біледі.