Untitled Document

Сұхбат... Күнә істеудің зияндары

Сұрақ: Күнә істеудің қандай зияндары бар?

Жауап: Күнә істеген адам дүние мен ахиретте үлкен қиындықтарға тап болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Күнә істеген кезде көңілде (жүректе) қара нүкте пайда болады. Егер тәубе етсе ол дақ өшеді. Күнә істеуді жалғастырса, ол дақ үлкейеді және көңілді толығымен қаптайды». (Нәсаи). (Көңіл (жүрек) қарайғаннан бастап ғибадат ету қиын болады, күнә істеу оңайға соғады).

«Күнә істеуді жалғастырған адамдардың уақыт өте келе көңілі (жүрегі) мөрленеді. Ол адам сауап істей алмайтын болып қалады». (Бәззар).

«Дерттерің – күнәлар, дауасы – истиғфар». (Дәйләми). (Адамдардың басына келетін бүкіл қиыншылықтар күнәларының кесірінен. Истиғфар еткен кезде, яғни өкініп тәубе еткен кезде күнәлары жойылады).

«Өзін күнәлардан қорғамаған адамды Аллаһу та'ала (дүние мен ахиретте пәлекеттен) қорғамайды». (Ибн Хузәйми). (Күнәдан сақтануға тырыссақ, Аллаһу та'ала бізге жәрдем береді. Күнәдан тыйылуға мән бермесек, пәлекеттерден құтыла алмаймыз).

«Адам істеген күнәларының кесірінен ризқынан мақұрым қалады». (Хаким). (Күнә істеген адамның табысында береке болмайды. Өмірі қиындықтар арасында өтеді).

Барлық күнәні өте қауіпті деп білу керек! Мүминнің белгілерінің бірі – күнәсін өте қауіпті деп біледі. Хадис шәрифте: «Мүмин күнәсін төбесінде тұрған таудай көреді, одан үстіне құлап кететіндей қорқады. Мүнафық болса мұрнына қонған шыбындай көреді, қазір ұшып кететінін ойлайды», – делінген. (Бұхари).

Жасырын істелген күнәні әркімге айта беру де екінші бір күнә болады. Мұндай күнәлардың кешірілуі қиын болады. Хадис шәрифте: «Әр мүмин кешіріледі, тек күнәларын басқаларға жариялағандардан басқа» делінген. (Бұхари).

Күнәні жасырын түрде де, ашық түрде де жасауға болмайды. Бір аяти каримада: «Ашық болса да, жасырын болса да күнәлардан сақтаныңдар!» делінген. (Әнам, 120).