Untitled Document

Сұхбат... Уәсуәса – жаман ауру

Сұрақ: Дәретте, намазда, тазалықта және ниетте уәсуәса еткен адам бұлардан қалай құтыла алады?

Жауап: Уәсуәса – шайтан беретін зиянды болған күмәндар. Уәсуәса ету күнә болып табылады. Күнә істемеу үшін уәсуәсаға ешқандай жол бермеу керек. Екі хадис шәрифтің мағынасы:

«Уәсуәса шайтаннан. Дәрет алған кезде, ғұсыл алғанда және нәжісті тазалағанда шайтанның уәсуәсасынан сақ болыңдар». (Тирмизи).

«Бір заман келеді, адамдар тазалықта тым ұқыпты болып (уәсуәса етіп) діннің шегінен асады». (Әбу Дауд).

Уәсуәса – суды ысырап етуге, намазды кешіктіруге, жамағатты, тіпті намаз уақытын жіберіп алуға, уақытты, өмірді зая қылуға себеп болады. Өзгелердің киімінің, тамағының нәжіс болуына күмәнданады, алайда мұсылмандарға су-и зан ету харам. Оның үстіне өзін ұқыпты санап, тәкәппар болады. Тіпті сол істің маманы болған кісі оған насихат айтса да, мүлдем қабыл етпейді. Өзінің істегенін дұрыс деп қабылдайды. Басқаларды төмен санайды.

Уәсуәса – ғибадаттардың мәкрух болуына себепші болып қана қоймай, рухани күйзелістерге де жол ашады.

Ғұсылдың, дәреттің, тазалықтың және намаздың шарттарын, сүннеттерін, мәкрухтарын білмейтін адам уәсуәса ауруына шалдығады. Алдымен уәсуәса етілетін нәрселердің дұрысын үйрену керек. Бұларды біліп, орындағаннан кейін күмән қалмайды. Дұрыс істедім деп сену – ықтияттылық, күмәнға түсу – уәсуәса болады. Уәсуәса ететін адам азиметпен (ауыр үкімдермен) емес, рұқсатпен (жеңіл үкімдермен) амал етуі керек!

Харамдардан, күмәнді нәрселерден, тіпті мубахтардың көбінен сақтану «азимет», ал күнә болмаған, жаиз болған амалдарды орындау «рұқсат» деп аталады.

Имам Раббани хазрет «Қажет кезде ең оңай фәтуаға бағыну керек. Аллаһу та’ала қиын келетін нәрселерді емес, оңай болғандарының орындалуын талап етеді. Өйткені адам әлсіз, шыдамсыз жаратылған» деген.