Untitled Document

Сұхбат... Тасаууф (сопылық) негіздері

Тасаууфшылар: «Құран кәрімді толық түсіне алу үшін және шынайы мұсылман болу үшін пайғамбарымыздың тек әмірлері мен тыйымдарына ғана емес, сонымен қатар мінезіне (ахлақына) және барлық жағдайларына да бағыну керек» дейтін еді.

Тасаууфшылардың жолдарының негізі мыналар:

1) Фақирлік (мұқтаж құл): Барлық істерінде, барлық нәрседе Аллаһу та’алаға мұқтаж екендігін білу.

2) Зухд және тақуалық: Барлық істе Ислам дініне бағыну. Діннің бүкіл үкімдеріне толығымен бағынуға тырысу, жақсылық жасау және бос уақыттарды ғибадатпен өткізу.

3) Тәфәккур, аз сөйлеу және зікір: Әрдайым Аллаһу та’аланың құдіретін, ниғметтерін ойлау, қажетсіз бір ауыз да сөз сөйлемеу, ешкіммен сөз тартыспау және әрдайым Аллаһу та’аланың есімін зікір ету.

4) Хәл және дәреже: Көңілге келген нұрларда көңілдің, рухтың тазалану дәрежесін түсіну, өзін және өз шегін білу.

Тасаууфтың негізі – адамның өз-өзін (әлсіздігін, бейшаралығын) тануы. Тасаууф тек Аллаһқа деген махаббат, ұлы ғашықтық негізінде құралған. Ал бұған тек Мұхаммед алейһиссаламға бағыну арқылы ғана қауышу мүмкін. Құран кәрімде баяндалғанындай, Аллаһу та’аладан адамның жүрегіне (көңіліне) кейбір нәрселер түседі. Бірақ бұл түскен нәрселер тек Аллаһу та’аланың сипаттарының сәулесі не көленкесі ғана. Бұл сезінулердің ақылмен оймен ешқандай байланысы жоқ. Тасаууфшылар Аллаһу та’аланың бір нәрселер түсіргенін немесе (сипаттарының нұрының) келгенін жүрегінде сезеді.

Ең әйгілі және алғашқы тасаууфшы – Хасан Басри хазреттері. Бұл кісі сондай үлкен дін ғалымы, үлкен имам (мүжтәһид) еді. Өте күшті мінезімен, терең білімімен әйгілі. Уағыздарында бәрінің жүрегіне Аллаһтан қорқу сезімін жайғастыруға тырысқан. Ол арқылы көптеген хадис шәрифтер риуаят етілген үлкен хадис ғалымы болып табылады.