Untitled Document

Әдеп-ахлақ... Қарттарға құрмет

Имам Ағзам хазрет имам Әбу Юсуфқа: «Ғалымдарды құрметте! Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет-мейірімділік көрсет!» деген. Әсіресе мұсылман қарттарға құрмет көрсету керек. Жақсы-жаман деп ажыратпай, барлығына бірдей жақсылық жасау керек. Мысалы, қоғамдық көліктерге жас, кәрі, ауру, сау, әйел, еркек, бай, кедей, ғалым, надан сияқты әр түрлі топтың адамдары мінеді. Әлсіздерге көмектесу керек, автобусқа мінерде де, түсерде де көмектесіп, оларға орын беру керек. Қарттарға, мұқтаждарға көместесу керек. Осы тұрғыдағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» (Шира).

«Қарттарға құрмет және сияпат Аллаһу та’алаға деген құрметтен туындайды». (Бұхари).

«Үлкендерін құрметтемеген, кішілерге мейірім етпеген адам бізден емес». (Бұхари).

«Халықтың ішіндегі қария үмбетінің арасындағы пайғамбар сияқты». (И. Нәжжар)

«Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, оның жасына барғанда Аллаһу та’ала оған жастарды құрмет еткізеді». (Шира).

«Мына үш нәрсе Аллаһу та'алаға деген тағзымнан саналады:

1) Мұсылман болып қартайған адамды құрметтеу,

2) Құран кәрімді жаттаған адамды құрметтеу,

3) Ғалымды құрметтеу». (Рамуз).

«Тәкбір, тахмид, тәсбих және таһлил себебімен мұсылман болып қартайған мүминнен абзал адам жоқ». (И. Ахмед). (Тәкбір: Аллаһу әкбәр, тахмид: Әлхамдулиллаһ, тәсбих: Сүбханаллаһ, таһлил: Лә илаһә иллаллаһ). Пайғамбарымыз алейһиссалам Аллаһу та'аланың ант етіп: «Мұсылман болып қартайған адамға азап шектіруден ұяламын» деп бұйырғанын білдіргеннен кейін, жылады. Себебін сұрағанда: «Аллаһу та'ала олардан ұялған кезде Аллаһтан ұялмайтындарды ойлап жыладым» деді. (Бәйһақи).