Untitled Document

Оқиға... Мухиддин Араби

Шәйхи әкбар Әбу Бәкір Мухаммед бин Әли дін ғұламаларынан еді. Андалусия елінде (Испания) туылып, 1240 жылы Шам (Дамаск) қаласында қайтыс болды. Фиқһ және кәлам ілімдерінде жетік ғалым болған. Кония қаласына келіп Садриддин Конияуидің жесір болған анасына үйленеді. Өте зерек және есте сақтау қабілеті де өте керемет еді. Сұлтандардан және әкімдерден (уәзірлерден), мырзалардан көп құрмет көретін, көп сыйлықтар келетін еді. Барлығын мұқтаждарға тарататын еді. Көптеген кітаптар жазды. Жазғандарын түсіну үшін ғалым болу керек.

   Мухиддин Араби хазрет өмір сүрген дәуірде оның түсінілмеген сөздерінің көпшілігі кейіннен кейбір себептермен анықталды. Сондай өз дәуірінде мағынасын ешкім түсінбеген сөздерінің бірі мынау: «Екі темір бір-біріне соғылғанда ұзақтан дыбыс келеді және темірлер жерге түскенде ұзақтар жақын болады!»

   Арадан ғасырлар өткен соң бұл сөздердің біріншісі телеграфтың шығуын, ал екіншісі темір жолдың және поездың шығуын меңзеп айтқаны белгілі болды. Сонымен қатар электр тоғын тағы басқа да нәрселерді ашқан Эдисон еңбектерінде Мухиддин Араби хазреттерін «ұстазым!» деп атап өткен.

   Тағы бір кереметінің шығуы былай болған: Саулығында «Менің мазарым «син» (с) әрпі «шин» (ш) әрпіне келген кезде табылады!» деп айтып кеткен еді. Арада ғасырлар өтіп Явуз Сұлтан Селим хан Сирияны алып Шам қаласына келген кезде мазары табылды және жөнделді.

   Тағы бірде Шамның маңындағы бір төбеге шығып сол жерде болғандарға; «Сендердің табынғандарың менің аяғымның астында» дегенде адамдар түсінбей, жамандаған еді. Явуз Сұлтан Селим хан Шам (Дамаск) қаласын алған кезінде Мухиддин Арабидың бұл сөзді қай жерде айтқанын сұрастырып, әлгі төбені табады. Сұлтан Селим хан ол жерді қазыңдар деп бұйырады. Қазылған жерден көптеген алтын шығады. Осылайша Мухиддин Араби хазреттің адамдарға «табынғандарың» деп айтқан сөзінің мағынасы белгілі болады. Яғни «Сендер алтынға, ақшаға және дүние малына табынып кеттіңдер» деп айтқысы келгені мәлім болды.