Untitled Document

Денсаулық... Бөдененің жұмыртқасы

... Осыдан 8-9 айдай бұрын толығымен 6 ай бойы жөтелдім.  Дәрігер, профессор, доцент барлығын аралап, бармаған жерім баспаған тауым қалмады... Қаншама анализ, рентген, тесттер тапсырып, қаншама дәрі-дәрмек іштім. Пакет-пакет антибиотик және жөтелге қарсы сироптар қабылдадым. Алайда дертім басылар емес. Жөтелу, пысқырып түшкіру жалғаса берді. Әр түрлі жолдарын да қарастырып көрдік...

Бір досым бөдененің жұмыртқасымен көмекке келді. Білетініміздей бөдене жұмыртқасының құрамында тауық жұмыртқасына қарағанда 5 есе артық фосфор, 8 есе артық темір, 6 есе көп B1, 15 есе артық B2 витамині, тоғыз есе артық протеин болады. Күш-қуат беруі, тыныс алу, аллергия, астма үшін табиғи антибиотик болуы, өте дәмді, салатқа сән беретін, балалар үшін сүйсініп жейтін витаминнің қоры болуы оның ең белгілі ерекшеліктері...

Бір бөдене жұмыртқасын стакан ішіне жарып, бір қасық балмен араластырып, бір стакан сүтке қосады. 15 күн бойы таңертеңгісін ашқарынға осылай жасап ішіп тұру керек. Сонда сізде жөтел, аллергия жөнінде шағым қалмайды. Осылайша жазылу қуанышына бөленесіз.

Қосымша профилактика ретінде кемінде айына 5-10 дана жұмыртқа ішіп тұру керек және мұны үш ай жалғастыру керек...

Бірақ, бөдене жұмыртқасын барлық адамның асқазаны көтере бермейді, әсіресе шикідей ішуді.  Алдымен дәрігермен кеңескеніңіз жөн!