Untitled Document

Сұхбат... Аллаһтың ең сүйікті жері

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйікті пайғамбарымыз: «Аллаһу та’аланың жер бетіндегі ең сүйікті жері – мешіттер» деген. Аллаһтың сүйікті жеріне кімдер барады? Аллаһтың сүйікті құлдары барады. Тағы басқа хадис шәрифте: «Көгершін ұясындай бір мешіт салдырған адам өзіне жәннаттан зәулім сарай салдырған болады» делінген. Мешітке кірген кезде тынығамыз. Мән беріп қарасақ, ата-бабаларымыз жүрген жерлеріне үнемі мешіт салдырып жүрген. Бір мешітте қанша намаз оқылса, оны салдырған адамға да сонша сауап беріледі. Қайырымдылыққа себеп болған уақыты бойы сауаптың келуі де жалғасады. Бір мемлекеттің тәуелсіздігі туынан, байрағынан аңғарылады. Ту желбіресе, ол тәуелсіз мемлекет деген сөз. Ал діннің туы – мешіттер. Басқа мемлекетке барған кезде ең алдымен мешітке бару керек. Осылай істеген кезде кісінің сол жердегі істері де жолымен кетеді.

Жаман адам жамандықты, ал жақсы адам жақсылықты ұнатады. Мұсылман мешіттен шығуды қаламайды. Басқа жерлерде қысылады. Ал жаман адам мешіттің ішінде қысылады. Намаз бітпей адам үстінен аттап, секіріп, қашуға тырысады.

Намаз – өмір. Намаз бен тыныс алу – екеуі бір нәрсе. Тыныс алатын адам намазын оқиды. Тыныс алмайтын адам намаз оқи алмайды. Иманның туы, белгісі – намаз.

Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет намаздың маңыздылығы жайында былай деген:

«Бұл заманда иманы дұрыс болып, бес уақыт намазын оқыған, харамдардан сақтанған адам – әулие. Қиямет күні сұрақ алдымен иманнан, содан соң намаздан сұралады. Бір уақыт намазды жіберіп алғаннан гөрі мың рет өлуді артық көру керек. Қайда және қандай шарттарда болсақ та, міндетті түрде намазымызды оқуымыз керек».