Untitled Document

Сұхбат... Халал жолмен ақша табудың маңызы

Құран кәрімнің «Мүминун» сүресі, 52-ші аятында былай деп бұйырылды:

«Ей пайғамбарларым (салауатуллаһи алейһим әжмаин)! Халал және таза тамақтаныңдар және маған лайық ғибадат етіңдер!».

Хадис шәрифте былай делінген:

«Халал табыс табу әрбір мұсылманға парыз».

«Бір кісі харам араластырмай 40 күн халал тамақтанса, Аллаһу та’ала оның жүрегін (көңілін) нұрмен толтырады, жүрегіне өзендердей хикметтер ағады. Дүние махаббатын көңілінен кетіреді».

«Көп кісілер бар, жегендері мен ішкендері харам болған. Сөйте тұра қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл болады?».

«Харам жегендердің парызы да, сүннеттері де қабыл болмайды». (Яғни сауабына қауыша алмайды). Он теңгелік киімнің бір теңгесі харам болса, ол киіммен оқылған намаз қабыл болмайды.

«Хараммен тамақтанған дененің отта жануы күштірек болады».

«Мал-мүліктің халалдан немесе харамнан келгенін ойланбағандар тозақтың қай жерінен тасталса тасталсын, Аллаһу та’ала оларға рақымшылық етпейді».

«Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғызы халалдан табу».

«Халал табу үшін шаршап үйіне келген кісі күнәсіз жатады, Аллаһу та’аланың сүйген құлы болып тұрады».

«Аллаһу та’ала «харамнан сақтанғандардан есеп сұрауға ұяламын» деп бұйырған».

Хазреті Әбу Бәкір қызметшісі алып келген сүтті ішеді, содан соң халалдан болмағанын біліп, саусағын аузына салып құсады. Қиналып шығарғаны сонша, көргендер өліп жатыр деп ойлады. Кейін: «Йа Раббым, қолымнан келгенін істедім, асқазаным мен тамырларымда қалғандардан саған сыйынамын!» деп жалбарынады.